Күле отырыңыз

928
0
Бөлісу:

Қала әкімі әйелімен бірге құрылысты аралап жүреді.
– Жаным, мені таныдың ба? – дейді бір құрылысшы қала әкімінің әйеліне күлімдеп. – Біз мектепте оқып жүрген кезде бірге жүруші едік қой. Мен саған сөз айтқан болатынмын. Сонда қала әкімі әйеліне мақтанып:
– Көрдің бе, маған тұрмысқа шыққаның үшін қуан. Әйтпесе, құрылысшының әйелі болуың да мүмкін еді, – депті.
– Жоқ, қайта сенің жолың болды. Егер мен оған тұрмысқа шықсам, әкім сен емес, ол болатын еді.

***

Ресейдегі африкалықтарға арналған мектепте тарих пәні өтіп жатады. Мұғалім негр оқушыдан:
– Чапаев кім? – деп сұрайды.
– Ол негрлердің көсемі.
– Неге? – деп таңданады мұғалім.
– Өйткені ол ақтарға қарсы соғысқан.

***

Ауғанстан. Бір еркек әйелінің соңында келе жатады. Оны көрген еркектер:
– Сен неге әйеліңнің соңында келе жатырсың? Құранда: «Еркек әйелдің алдында жүру керек» деп жазылған, – дейді.
– Білем ғой. Бірақ Құран көктен түскен кезде мина деген болмаған. Жүре бер,
Зүлфия, тоқтама!

Бөлісу:

Пікір жазу


*