Президент «Барыс» орденімен марапаттады

1363
0
Бөлісу:

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым Мырзатай Жолдасбековті қабылдады.

Мемлекет басшысы кездесуде М.Жол­дасбековті 80 жасқа толған мерей­тойымен құттықтап, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.
– Тәуелсіздіктің алғашқы таңы­нан бастап сіз әрдайым менің жанымда болдыңыз. Маған қолдау білдіріп, кеңес­шім, Премьер-ми­нистрдің орынбасары болып қызмет атқардыңыз. Мен сізді жауапты лауазымдарға тағайындадым. Елші, университет ректоры болдыңыз, дипломаттарды тәрбиелеуге атсалыс­тыңыз. Белгілі ғалым, қаламгер ретін­де кең танылды­ңыз, – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев кездесуде М.Жолдасбековтің ел алдындағы еңбегін ескеріп, қоғам қай­раткерін І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
М.Жолдасбеков өз қызметінің нәтижелерін жоғары бағалағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.
– Мен тәуелсіздігіміздің қалып­та­­суындағы барлық процестің куәге­рі болдым. Жақсылық та, қиын­дық та, таршылық та бастан өтті. Бақыты­мызға орай, қазір егемендіктің арқа­сында жақсы өмір сүріп жатырмыз. Ел ішінде рефор­ма­лар жүргізілуде, бәріміз күткен рухани жаңғыру басталды. Мен қашан да сіздің қасыңызда, сенімді серігіңіз болып қала беремін, – деді қоғам қай­раткері.

Бөлісу:

Пікір жазу


*