Күле отырыңыз

842
0
Бөлісу:

Қала көшесінде иномаркамен зуылдап келе жатқан грузин мен армян соқтығысып қалады.
– Әй, ай қарап келесің бе? Кінәлі сенсің! Қазір МАИ шақырамын! –дейді армян дікеңдеп.
– Жарайды, – дейді грузин келісе кетіп, –тек ренжімеші, көлік деген темір ғой, жанымыз аман болса, табылады. Қане, амандық үшін мына коньяктан тартып жіберейікші.
Армян тартып жібереді. Сонда грузин:
– Ә-ә, енді МАИ шақыруға болады, – депті екі қолын ысқылап.

***
– Осы саған ешкім келмейді ғой. Немене, сенің туыстарың, достарың жоқ па? – деп сұрайды күзетші түрмеде отырған қылмыскерден.
– Барына бар ғой. Бірақ олардың бәрі көрші камераларда жатыр.

***
Тойдан кейін үш дос кездесіп, әңгімелеседі:
– Мен той иелеріне 12 адамға арналған сервиз сыйладым, – депті біріншісі.
– Мен болсам 24 адамға арналғанын сый­ладым, – депті екіншісі. Сонда үшін­ші­­сі:
– Мен 250 адамға қызмет көрсете алатын штопор сыйладым, – деген екен.

Бөлісу:

Пікір жазу


*