Балалар мекемесі тексерілді

957
0
Бөлісу:

Риддер қаласында «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатта арнайы рейд жүргізіліп, балалар игілігіне бөлінген қаржының жұмсалу барысы тексерілді.

Шараға партияның қалалық фи­лиалы мен жергілікті мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фрак­циясының жетекшісі С.Кәрімов, пар­тияның бақылау комиссиясының жетекшісі О.Илинский, Жемқор­лық­қа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Г.Наговицын қатыс­ты.
Білім мекемесінің директоры Г.Қы­дырғалиева мен бас есепші
К.Тас­тахаева балалардың тамағы мен ин­теллектуалды дамуы және ги­гие­налық қажеттіліктер үшін жаратылған ақшаның мақсатты жұмсалғанын ай­тып, растайтын құжаттарды көр­сетті.
Комиссия мүшелері мектеп-ин­тернат асханасын аралап көріп, қайта қалпына келтірілген ер балаларға арналған шеберхананың жұмысымен танысты. 2017 жылы наурыз айында күрделі жөндеуден өткен жатын, жуы­натын бөлмелерді мұқият қарап шық­ты. Жеке кәсіпкер В.Варопаев Ба­лаларды қорғау күні мерекесіне орай ойын-сауықтық кешенін сыйға тартты.
Сөйтіп, тексерушілер мемлекеттік мекемеде тәрбиеленушілердің алаң­сыз білім алуына барлық қолайлы жағдай жасалғандығына көз жеткізіп қайтты.

Бөлісу:

Пікір жазу


*