Маңызды мәселелер талқыланды

1268
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысының төрағалығымен дербес білім беру мекемелері – Назарбаев университеті мен Назарбаев зияткерлік мектептерінің және Назарбаев қорының Жоғары қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. 

Жиында осы ұйымдарға қатысты бірқатар маңыз­ды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, универ­си­тетті және зияткерлік мектептерді дамыту перс­пек­тивалары, оқу орындарына құжат тапсыратын та­лапкерлер санын көбейту, Қамқоршылық кеңесі-нің жаңа құрамын жасақтау үшін іріктеу өткізу жайы, сондай-ақ ұйымдастыру аспектілері қаралды.
Қазақстан Президенті ғылыми-зерттеу үдерісін да­мытып, университеттің халықаралық байланыс­тары аясын кеңейтудің маңыздылығына назар ау­дарды. Оның мәліметінше, елімізде 20 зияткерлік мек­теп тиімді жұмыс жүргізуде.
– Зияткерлік мектептердің барлық түлектері елі­міздегі және шетелдегі жоғары оқу орындарына тү­сіп жатыр. Олардың 90 пайыздан астамы – мем­лекеттік гранттар мен университеттердің білім беру грант­тары­ның иегерлері. Осы білім беру меке­ме­леріне тың сер­пін беру үшін біз олардың ары қа­райғы жұмыс жүр­гізу стратегияларын өзектілендіруіміз қа­жет, – де­ді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы университет жеті жылдан бер­гі жұмыс барысында елеулі табыстарға жетіп, осы кезең ішінде мыңға жуық студентті түлеткенін атап өтті. Сондай-ақ жиында Назарбаев университеті дер­бес білім беру мекемесінің президенті Шигео Кат­су сөз сөйледі.

Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*