Президент жеделхат жолдады

1217
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шри-Ланка Демократиялық социалистік республикасының президенті Майтрипала Сирисенаға су тасқыны мен лай көшкініне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы 28 мамырда төтенше жағдай салдарынан көптеген адамның қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
«Қаза болғандардың жақындарына және барша достас Шри-Ланка халқына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілек­теспін» деді Қазақстан Президенті.

Бөлісу:

Пікір жазу


*