БҰҰ өз алаңын ашады

1377
0
Бөлісу:

Біріккен Ұлттар Ұйымы «ЭКСПО – 2017» көрмесінің «Болашақ энергиясы» халықаралық павильонында өз алаңын ашады.

10 маусымға жоспарланған ашылу салтанаты халықаралық павильонның Involvement Zone аумағында өтеді. Көрмеге БҰҰ-ның Даму бағдарламасы, Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы, Азия және Тынық мұхиты аймағына арналған эко­но­микалық және әлеуметтік комиссиясы, ЮНЕСКО, Босқындар істері жөніндегі Жо­ғарғы комиссарының басқармасы, Өнер­кәсіптік даму, ЮНИСЕФ, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік және Әйелдердің гендерлік теңдігі және олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мә­селелері жөніндегі құрылымы қатысады. БҰҰ-ның таза әрі қолжетімді энергияны бүкіл әлем бойынша ілгерілету саласында 70 жыл­дан астам тәжірибесі бар. Сондықтан БҰҰ-ның аймақты тұрақты энергиямен қам­тамасыз ету жұмысының нәтижесін көр­сететін қондырғыларды көруге болады.
2016 жылы БҰҰ-ның бас хатшысы «ЭКСПО – 2017» көрмесіндегі БҰҰ бас ко­мис­­сары қызметіне Джихан Султаноглуды та­ғайындаған болатын. Осы қызметте Сул­таноглу ханым көрмеге қатысатын БҰҰ-ның тоғыз агенттігінің барлығына өкілдік етеді. БҰҰ көрме барысында өз тарапынан ұйым­дастыратын және «ЭКСПО – 2017» аясында белсенді түрде қатысатын бірқатар іс-ша­ралар жоспарлаған. Атап айтқанда, Қазақ­стан қолөнершілері одағымен бірлесіп ұйым­дастырылатын жәрмеңке. Джихан Сул­таноглу ханым жәрмеңкенің ашылу сал­танатына қатысады.
VІІІ халықаралық форум аясында «Энер­гетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» атты тұрақты дамыту бағытында өткізілетін бас­пасөз мәслихаты. Конференция энер­гетикалық қауіпсіздікке, сауда мен инф­ра­құрылымға, энергетика-климат-азық-түлік қауіпсіздігінің өзара байланысына, сондай-ақ аймақтық тұрғыда жаңартылатын энергия көздерін дамытуға арналады.
Арнасай кентіндегі Жасыл техно­логиялар ор­талығына бару. БҰҰ бас комис­сары осы ор­талыққа барып, фитожарық диодты жы­лыжай, пиролиз қазандары, су үнемдеуіш және басқа да технологиялар сияқты зама­науи жасыл технологияларымен танысады.

Бөлісу:

Пікір жазу


*