Кезекті отырыс өтті

1126
0
Бөлісу:

Кеше Үкімет үйінде Премьер-ми­нистр Бақытжан Сағынтаевтың төра­ғалығымен Қазақстан эконо­микасын жаңғырту мәсе­лелері жөніндегі мем­лекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында нарықты ырық­тандыру, жекеменшік денсаулық сақтау ұйымдарының кедергілерін төмендету, инвестициялар тарту мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін дамыту, сонымен қатар салықтардың жиналуын ұлғайту мәселелері бойынша Денсаулық сақтау және Қаржы министр­ліктерінің іс-қимылдары талқыланды.
Мемлекеттік комиссия отыры­сында қаралған барлық бағыттар еліміздің тұрақты экономикалық өсімін қам­та­масыз етуге және Мемлекет бас­шысының «Қазақстан­ның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабі­леттілік» Жолдауы аясында экономиканы жаңғыртуға бағдарланған.
Ерік ЕРДЕНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*