Тәртіп сақшылары шыңға шықты

1317
0
Бөлісу:

Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің қызметкерлері мен жедел қимылдайтын арнайы жасақтың (СОБР) жауынгерлерінен жасақталған топ Жоңғар (Жетісу) Алатауының ең биік нүктесі – Қаратау шыңына көтеріліп, құзар биіктегі жартастың төбесіне «Қазақстан полициясына – 25 жыл» деген белгісі бар жалауды тікті. 

Қаратау шыңы – теңіз деңгейінен 3000 метр биіктікте орналасқан. Қазақстан полициясының құ­рылғанына 25 жыл толу құрметіне орайластырылған ме­рекелік шара­лардың бірі ретінде осынау аспанмен астасқан асқар шыңды бағындыру бастамасын өңірдегі тәртіп сақ­шылары көтерген еді. Биікке аттанған топ таулы аймақтағы баруы қиын жер­лерді бағындыру және жартасқа өр­мелеуді жан-жақты меңгерген арнайы жасақ жауынгерлерінен жасақталды. Сонымен бірге, бейне және фото көрініс­тер түсіру мақ­сатында олардың қатарына баспасөз қызметінің мамандары ен­гізілді. Олар аса қиын бағытты арнайы отряд жаунгерлерімен бірге өтті.
– Біздің қызметкерлер тау шыңын бағындыруды қазақстандық полицияның мерейтойына арнады. Мұны тек кезекті биіктікке шығу деуге болмайды, бұл шараны адамдардың тыныштығы мен ертеңгі күнге деген сенімін қамтамасыз ететін Қазақстан полициясына көр­сетілген құрмет десек қателеспейміз. Сонымен бірге, бүкіл ғұмырын қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арнаған ардагерлерге тағзым және олардың ізін басып өсіп келе жатқан жас тәртіп сақшыларына көрсетілген үлгі десек те болады, – дейді Алматы облыстық ІІД басшысы, полиция генерал-майоры Мұрат Ұрұмханов.
Алматы облыстық ІІД жедел қимыл­дайтын арнайы жасақтың командирі, полиция майоры Медет Қамалбековтің айтуынша, шыңды бағындыру ұсынысы департамент басшылығы тарапынан болыпты. Бұрын мұндай акция ешқашан өткізілмепті. Бұған дейін жинақталған тәжірибелерін іс жүзінде дәлел­деген арнайы жасақ жауынгерлері қандай болса да орындауға дайындық­тарын байқатты.

Болат АБАҒАН,
Алматы облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*