Дамытудың тетігі

1101
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы – туған өлкені дамытудың, өскен ортаға қолдау танытудың кілті. Сондықтан аталмыш бағдарламаны іске асырып, оң нәтижелерге қол жеткізу – аса маңызды. 

«Туған жер» бағдарламасы ауылдарды көр­кейтуге тың серпін берері анық. Бағ­дар­лама аясындағы ауқымды жұмыстар Пав­ло­дар облысында басталып кетті. Мәселен, таяу­да Лебяжі ауданына қарасты Шәмші ауы­лының тумалары бірігіп, мектепке ком­пьютер алу үшін қаржылай көмек көрсетті. Одан бөлек ауыл ақсақалдары мен тұрғын­да­рының бастамасымен сенбілікке шығып, ша­ғын ғана ауылда 100 түп ағаш отырғызып, сая­бақ ашпақ. Осы іспетті іргелі істердің не­гізі қаланды. Оны одан әрі жалғастыру үшін қайтпек керек? Бұл мәселе «Нұр Отан» пар­тиясы Павлодар облыстық филиалы «Ми­рас» қоғамдық кеңесі мен «Туған жер» бағ­дарламасын іске асырудың өңірлік жұ­мыс тобының бірлескен отырысы барысында талқыланды.
Жиынға облыс әкімінің орынбасары Мей­рам Бегентаев және атқарушы орган өкілдері қа­тысты.
Мейрам Бегентаев «Туған жер» бағдар­ла­масындағы басым тұстарды орындауға жас­тардың белсенді қатысуы тиіс екенін айтты.
– Жазғы уақытта мектеп оқушылары мен сту­денттері үшін жекелеген өлкетану жұмыс­тарын жүргізу жоспарда бар. Қазіргі кезде археологиялық іздеу мен қазба жұмыстары аяқ­талды. Оған да жастар белсене атсалыс-ты, – деді ол.
Осы орайда облыстық білім беру басқар­масы басшысының орынбасары Ернұр Дәуенов Павлодар облысында тоғызқұмалақ ойыны оқушылар мен жастар арасында зор қызығушылыққа ие екенін тілге тиек етті. Ендігі кезекте өскелең ұрпақтың «Асық ату» ойынын меңгеруі үшін насихат жұмыстарын жүргізу жолдарын қарастыру туралы ұсы­ныстарды ортаға салды.
Отырыс соңында «Туған жер» бағдарла­масына қатысты осы және өзге де ұсыныстар жобалық кеңеске жолданатын болды. Түйін­дей келсек, елдімекенді, туған өлкені өр­кендетуге бағытталған істерден әр азамат шет қалмауы тиіс екендігі айтылды.
Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА,
Павлодар

Бөлісу:

Пікір жазу


*