Бүлдіршіндер металлург болуды армандайды

1189
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалы «Сәтті қадам» жобасы аясында балалар үйінің тәрбиеленушілерін өндіріс орындарына апарып, қайнаған тіршілікті көрсетті.

Экскурсияның басты мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге өндірістің қыр-сырын таныстырып, қажетті мамандық таң­дауға бағыттау. Семей қаласында арматура өндіретін «Ме­тал­лист» зауытының жұмысымен етене жақын танысқан бала­лар­дың қуанышында шек болмады. Олар түрлі шикізаттың қалай жа­салатындығын көздерімен көрді. Экскурсиядан кейін бір­шама түлек металлург мамандығын таңдауға ниет білдірді.
– «Нұр Отан» партиясының ұйытқы болуымен біз зауыт­тарды аралап, жұмыстарымен таныстық. Елбасымыздың ме­тал­лург екенін білеміз, сондықтан болашақта металлург ма­мандығын таңдағым келеді, – дейді Семей қалалық №8 ба­лалар үйінің тәрбиеленушісі Азат Сейтмамытов.
Партия өкілдері балаларға аталмыш мамандықты игерер болса, сапалы білім алулары үшін көмектесетіндіктерін айтты.
– Партия тарапынан мектеп бітіруші түлектердің дайындық курстарына тегін қатысып, сынаққа сапалы дайындалуларына жағ­дай жасайтын боламыз, – дейді «Нұр Отан» партиясы Се­мей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зуль­фия Жамалтдинова.

Сымбат САТЫБАЛДИНА

Бөлісу:

Пікір жазу


*