Жолдаудың орындалуы қаралды

1376
0
Бөлісу:

Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті. 

Отырыс барысында ел Үкіметінің ақ­параттық-коммуникациялық технология­ларды дамыту, технологиялық жаңарту және экономиканы, туризмді цифрландыру сияқты бағыттарын жаңғырту бойынша жұмыстарын жүйелеуге қатысты ақпарат және коммуникациялар, инвестициялар және даму, мәдениет және спорт ми­нистрліктерінің іс-әрекеттері талқыланды.
Мемлекеттік комиссия отырысында қаралған барлық бағыттар еліміздің тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етуге және Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында экономиканы жаңғыртуға бағдарланған.

Бөлісу:

Пікір жазу


*