Жаңару арқылы жарқын болашаққа жетеміз

948
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын біздің Қазақ егін­шілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалым-мамандары ерекше ықы­ласпен оқып-танысуда.

Бұл – қоғамдық сананы өз­герту жолдарының жалпы бағыт­тарын белгілейтін дүние­таным­дық-идеологиялық еңбек. Мұн­дағы басты мақсат – басқару қабілеті күшті әрі жауапты адам­дардан біртұтас ұлт құру екені даусыз. Бұған қоса мақалада ұлты­мызда ежелден қалыптасқан прагма­тизмнің бар екендігіне дәлме-дәл негіздеме беріледі. Ұлы даладағы қатаң табиғи жағдайлар мен шөлейтті жерлердегі тірші­лікпен байланысқан көшпенділік дәс­­түрі ата-бабаларымыздың бойына табиғатпен үндескен өмір салтын, яғни, прагматизмді қа­лып­тас­тырды. Мысалы, Елбасы осы мақалада «Тек өткен ға­сырдың ортасында, небәрі бір­неше жыл ішінде миллион­даған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Бағзы замандардан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай өзгеріп, аста-төк ысы­рапшылдыққа ұласты… Түгін тартсаң майы шығатын мыңдаған гектар миялы жерлеріміз эколо­гиялық апат аймақтарына, Арал теңізі аңқасы кепкен қу медиен шөлге айналды. Осының бәрі – жерге аса немқұрайлы қараудың ащы мысалы» деп атап көрсетті.
Сондай-ақ Елбасы өткен ғасырлардағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына талдау жасай отырып, радикалдық идеоло­гияның заманы мүлдем келмеске кеткенін тұжырымдап берді. Сондықтан біздің болашаққа жасалатын ұранымыз реализм және прагматизм болмақ. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруа­шылығы ғылыми-зерттеу инсти­тутының ғалымдары 2015 жылдан бері «Қазақстан Республика­сының «жасыл экономикаға» өту контекстінде суармалы егінші­лікті тұрақты дамыту» ғылыми бағдарламасы бойынша еліміз­дің оңтүстік-шығысы мен оңтүстігі жағдайында ауылшаруашылық дақылдарын тамшылатып суару технологияларының су, опера­циялық шығындар және энергия көздерін үнемдейтін әдістерін жан-жақты зерттеуде. Зертха­налық-танаптық сынақтар жүр­гізу барысында тамшылатып суару кезінде тыңайтқыш енгі­зудің тиімді әдістері бағаланып, суарудың тамшылату әдісінде негізгі және аңыздық дақылдар үшін суару режимдері жасалды. Аңыздық егістік үшін жарамды дақылдар іріктелініп алынып, тозған, құнарсызданған топы­рақты аймақтарда фитомелио­ранттарды өсіру агротехникасы әзірленді. Ауыл шаруашылығы үшін өте маңызды су энергиясын тиімді пайдалану үшін суару жүйесінің оңтайлы параметрлері анықталды. Мұндай ғылыми-зерттеудің нәтижелері Алматы және Жамбыл облысының жекелеген ауданында өндіріске енгізілді. Бір сөзбен айтқанда, біздің институт ғалымдары Елбасы атап көрсеткендей, ұлттық байлықты нақты танып-біліп, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес ысырапшылдыққа барынша жол бермеу мүмкін­діктерін қарастыруда.
Президентіміз көрсеткен рухани жаңғырудың тағы бір көрінісі – білімнің салтанат құруы. Елбасы осы мақаласында «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деп атап көр­сетіп, еліміздің болашағы – жас­тардың білімге ұмтылуы қажет­тігін ізгі ниетпен тағы да еске салды. Жалпы, біздің ғы­лыми-зерттеу институтында жас­тардың және ғылыми қызмет­керлердің бі­лімін жетілдіру­іне толық мүм­кіндік жасалған. Бас­қа жылдарды айтпағанның өзінде 2017 жылдың басынан бері институтымыздың 15 ғалымы Мексикадағы халық­аралық жүгері және бидайды жақсарту орталығында, Қытай­дың Шэньси қаласындағы Солтүстік-батыс университетінде, Түркия­дағы Сабанчи универси­тетінде және басқа да шетелдік білім орда­­ларында ғылыми тағлымда­мадан өтті. Тоқсан ауыз сөздің то­бықтай түйіні, біз – ауыл ша­руашылығы саласының ғалым­дары, ұлт Көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, бүгінгі жаңа атаулының күні ертең-ақ ескіге айналатынын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ басқа­ны­­мызды, қазіргі уақытта аса білім­ді мамандар ғана табысқа же­тетінін жақсы түсінеміз және жа­ңару арқылы жарқын бола­шақ­қа жетеміз.

Серік КЕНЕНБАЕВ,
Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының
бас директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы

Бөлісу:

Пікір жазу


*