Алматыда еліміздегі ең ірі медициналық көрме өтуде (фото)

1236
0
Бөлісу:

Алматыда «Атакент» сауда-көрме орталығында 24-Қазақстандық халықаралық «Денсаулық сақтау» – KIHE-2017 көрмесі өтуде.

Бұл дәстүрлі түрде медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіптің көшбасшылары, адам ауруларын емдеу мен диагностикасының жаңа технологияларын әзірлеушілер қатысатын,  Қазақстандағы ең ірі медициналық көрме.

Көрмеге өздерінің қатысуын 100-ден астам қатысушы растады, олардың ішінде: Қазақстан, Венгрия, Ұлыбритания, Грекия, Германия, Швейцария, Чех Республикасы, Литва, Латвия, Түркия, Қытай, Ресей, Белоруссия мен Украина компаниялары бар, олар жабдықтарды, көрсетілетін қызметтер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жетекші өндірушілер мен дистрибьюторларын ұсынды.

Көрме жыл сайын ұсынылатын ұлттық стенділер санымен толығады. Осылайша,  2017 жылы көрмеге Чехия, Оңтүстік  Корея, Венгрия мен Германия сияқты елдерден қатысуда.

KIHE-2017 көрмесінің тақырыптамалық тарауларының әртараптылығын экспозицияның кең ауқымы дәлелдейді: медициналық техника, емдеу мен диагностикаға арналған жабдықтар, жұмсалатын  материалдар, тігістік материалдар, медициналық киім, күтім жасау мен гигиенаға арналған құралдар, медициналық жиһаз, медицинадағы заманауи ақпараттық технологиялар, зертханалық медицина, инновациялық    медициналық технологиялар, ауруханаларды, дәрігерлік кабинеттерді, емдеу мекемелерін, санаторийлерді жобалау, кешенді жабдықтау, тазалауға, дезинфекцияға, стерильдендіру мен стерильді бұйымдарды сақтауға арналған жабдықтар, зертханалық жабдықтар, микробиология, фармакологиялық технологиялар және басқалар.

Іс-шараларды Iteca скомпаниясы  ITE Group Plc (Ұлыбритания) халықаралық әріптеспен бірге ұйымдастырып отыр. Көрмені өткізуге ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, «Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы» КММ, «Ұлттық медициналық  холдинг» АҚ,  ҚР-ндағы халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы, ҚР Ұлттық медициналық қауымдастығы және  «СК-Фармация» ЖШС ресми қолдау көрсетті.

KIHE-2017 көрмесі медициналық мекемелердің жетекші мамандары мен басшыларының арасында тәжірибе алмасуға арналған бірегей алаңша болып табылады. Оны өткізу қазақстандық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру процесінің маңызы аз емес бөлігі болып табылады, ол іс-тәжірибемен айналысушы маман-медиктерді отандық және шетелдік медициналық индустрияның жетістіктерімен, ауруларды емдеу мен диагностикасының жаңа әдістерімен таныстыруға мүмкіндік береді.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Суреттерді түсірген автор

Бөлісу:

Пікір жазу


*