«ЭКСПО»-ға 98 пайыз дайын

1365
0
Бөлісу:

«ЭКСПО – 2017» көрмесі басталатын күн де алыс емес. Қазірдің өзінде қалашықтағы ғимарат құрылыстарының 98 пайызы көрмеге сақадай-сай дайын тұр. Бұл туралы ұлттық компанияның өкілдері мәлімдеді. Олардың айтуынша, әзірге аяқталмай тұрғаны 2 ғимарат ғана.
Оның өзі жоспар бойынша көрме басталғанға дейін пайдалануға берілетін болады.

Әзірге кешен аумағында өткізі­летін іс-шаралардың да бағдарлама-сы бекітілген. Мәсе­лен, маусымның 11-14 күндері министрлер кон­фе­рен­ция­сы өткізіледі деп жоспарланған. Жиын­да 2030 жылға дейінгі энер­гия­ны үнемдеу мен зиянды қалдықтарды азай­тудың әлемдік жоспары талқыға түс­пек.
«Министрлер конференциясына 50-ге тарта мемлекеттен қонақтар ке­леді деп күтілуде. Оның ішінде, жиыр­маға жуығы энергетика ми­нистр­лері мен вице-министрлер. Сонымен бірге, халықаралық ұйым­дардың да басшылары қатысады деп жоспарлап отырмыз» дейді KAZENERGY қауымдастығының бас дирек­торы Болат Ақшолақов.
Көрмені өткізу кезінде еліміздің елор­дасы әлемнің түкпір-түкпірінен ке­летін түрлі мәдениеттер үндесетін орынға айналмақ. Көрме аума­ғын­да күн сайын концерттер, ұлттық мә­дени шаралар және өзге де ойын-сауық кештері өткізілетін болады.
Қазақтың Астанасы әлемнің мә­дени орталығына айналатын күн де жақын қалды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*