ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫ ҚАЛТА ҚАҒУШЫ МА?

2106
0
Бөлісу:

Бүгінгі заманда ғаламтор мен электронды төлем құралдары қарқынды дамуына байланысты киберқылмыстардың неше түрлері пайда болды. Сондықтан әлеуметтік желілердегі әртүрлі бизнеске шақыратын хабарландыруларға, белгісіз компаниялардың ұсынатын қызметтеріне аса сене беруге болмайды. «Бұл – жаңа қаржы пирамидасы болуы мүмкін» деп ескертеді құқық қорғау органдары.

Әдетте қаржы пирамидасының бел­гілері желілік маркетинг сала­сын­да анық байқалады. Олар азаматтарды бір компанияға шақырып «белгілі бір со­мада ақша салсаңыз оны екі-үш есе­ге дейін өз пайдаңызға өндіріп ала­­сыз» деп үгіттейді. Сондай-ақ әр­бір азамат өзінің таныстарына, туыс­та­­рына хабарлап, оларды қа­тар­ла­ры­на шақыруы тиіс. Бұл бизнес осы­­­лайша, өркендейді, ал соңғылары тұтылады. Қар­жы пирамидасы біздің елге де таң­сық емес, бізде де оңай ақшадан алып үлгеріп қалғысы келетіндер жет­кілікті. Қазақстанда әлеуметтік же­лілердегі мұндай жобаларға қатаң ба­қылау жасалады. Қаржы пира­ми­дасына қарсы 2014 жылдың басында заң қабылданды, ал Қылмыстық ко­дексте бұл іспен айналысқан алаяқ­тарды 12 жылға дейін бас бос­тан­ды­ғынан айыру жөнінде жаңа бап пайда бол­ды. Заң шыққанға дейінгі үш жыл­­дың ішінде республика бойынша 17 қаржы пирамидасы тоқтатылған. Сол уақыттың ішінде қаржы пира­ми­дасын ұйымдастырушылар бес мыңға жуық қазақстандықты тақырға отыр­ғызып кеткен екен. Жақында Questra Holdings Inc компаниясы ту­ралы та­ғы бір әңгіме шықты. Бұл тура­лы про­ку­ра­тура өз ұстанымын біл­дірді.
– Нарықта ақшаны тиімді ин­вес­­ти­циялаймыз деген сияқты көптеген ұсы­ныстар бар. Алайда оны қалай дұ­рыс жасау керектігін барлығы бір­дей біле бермейді. Еліміздегі осындай жағ­дайды алаяқтар өз мақсаттарына тиім­ді пайдалануда. Қаржы пира­ми­да­ларының адал ұйымдардан айыр­ма­шылығы неде? Біріншіден, олар «ора­сан зор пайдаға кенелтемін» де­ген уәде­мен адамдарды жаппай өз­деріне тар­тады. Ондай пайданы еш­бір банк те, ешбір басқа ұйым да қам­та­ма­сыз ете алмайды. Бұл күмән ту­ғызуы ке­рек. Екіншіден, олар ше­тел­де тір­келген, құрылтайшылары бел­гісіз, ақша шетелге шығарылады. Олар­дың өкілдері ақшаны қалай та­ба­тындарын және алынған қаражат-ты қайда салатындарын нақты, анық түсіндіріп бере алмайды. Оның орны­на сіз маңызды серіктес пен жобалар ту­ралы алдын ала дайындалған әң­гі­мелерді естисіз, әдемі буклеттерді кө­­ресіз. Үшіншіден, олар жаңа клиенттер әкелсеңіз, қосымша табыс төлейтіндерін уәде етіп үнемі ын­та­ландырып отырады. Осы белгілердің барлығы Қазақстанда жарнамасы мен қызметіне тыйым салынған қар­жы пирамидасына нақ кез бол­ға­ныңыз­ды көрсетеді (ӘҚБ Кодексі 150-бап және ҚР ҚК 217-бап). Егер сіз алаяқтарға алданып қалған бол­саңыз, дереу полицияға немесе эко­номикалық тергеу қызметіне жүгінуі­ңіз керек. Жақында БАҚ-та Questra Holdings Inc компаниясы туралы ма­қала жарияланды. Ол туралы Пар­ламент депутаттары да айтты. Бұл ту­ралы келесі жұмыстар атқарылды. Қызылорда облыстық про­кура­турасының бастамасымен ішкі істер органы осы жылдың 15 нау­рызынан Questra Holdings Inc ком­паниясына қатысты қылмыстық іс бас­тады. Ішкі істер министр­лі­гіне бүкіл республи-ка бойынша тергеу жұмыстарын ұйым­дастыру үшін тергеу тобын құруға нұсқау бе­рілді. Ұлт­тық банк­пен, ІІМ-мен және Мем­лекеттік кі­ріс­тер ко­ми­тетімен бірігіп жағдайды бақылауға алып, қаржы пирами­да­ларының қызметтерін бұл­тартпау үшін шара­лар қабыл­даймыз. Азамат­тарды сақ болуға және өз қаражат­тарын алаяқ­тарға сеніп тап­сырмауға шақырамыз. Күмән туған жағдайда, ақшаны сал­мас бұрын құқық қорғау органдарына жүгінген жөн, – деп
мә­лімдеді еліміздің Бас про­кура­турасы.
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жыл­дарында елді дүрліктірген «Сма­ғұлов К» компаниясының қаржы пи­рамидасы ресейлік Сергей Мав­роди түрмеден шыққаннан кейін «МММ – 2011» деген атпен Қазақ­стан­да қайта пайда болды. Бұрынғы «МММ долларлар» МАВРО деп өз­гер­тіліп, Мавроди белгілеген баға­мен, үнемі бағамы өсіп отыратын құн­ды қағаз ретінде сатылды. Ай сайын он пайызға бағамы өсіп оты­ратын МАВРО-ны пайда табу үшін ел­де сатып алушылар көбейді. «МММ – 2011» жұмысын «аса ірі кө­лем­де ұйымдасқан топпен жасалған алаяқ­тық» деп тапқан Мәскеу поли­ция­сы 2012 жылдың 7 маусымында бел­гісіз тұлғаларға қатысты қыл­мыс­тық іс қозғаған болатын. «МММ – 2011» Қазақстанға келісімен қаржы по­лициясы оның жұмысы қаржы пи­рамидасына ұқсас екенін ескерте бас­тады. Алайда «МММ – 2011» үсті­нен қаржы полициясына ешкім ша­ғым түсірмеді. Кейіннен қаржы пи­рамидасын алаяқтыққа жатқы­за­тын заң шыққаннан кейін қаржы пи­рамидасы сап тыйылды. Қазір қай­та шыға бастаған сияқты.
Questra Holdings Inc Испанияда тір­келген украиндықтардың компа­ния­сы деген сөз бар. Қаржы пирами­да­сының қай-қайсысы да тұйыққа ті­рейді. Сондықтан алаяқтардан
сақ­­танған абзал.

Қайыржан ТӨРЕЖАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*