Президент «Бір белдеу, бір жол» форумына қатысты

1357
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай еліне сапары  аясында «Бір белдеу, бір жол» атты халықаралық ынтымақтастық форумына қатысты.

Сондай-ақ оған шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары және делегациялары келді.

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин қатысушыларды құттықтап, сөз сөйледі.

Елбасы «Бір белдеу, бір жол» атты халықаралық ынтымақтастық форумының салтанатты ашылу рәсімі аясында бірқатар мемлекеттердің көшбасшыларымен кездесу өткізді.

Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді форумның табысты ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті В.Путинмен және Түрік Республикасының президенті Р.Ердоғанмен әңгімелесіп, таяуда Астанада өткен Сирия жөніндегі келіссөздердің қорытындыларын талқылады. Р.Ердоған Астана процесінің нәтижелеріне тоқтала келе, Сирия мәселелері жөніндегі диалогты Женевада жалғастыру үшін оның маңызды болғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Беларусь президенті А.Лукашенкомен және Өзбекстан президенті Ш.Мирзиеевпен, Пәкістанның және Малайзияның премьер-министрлері Н.Шарифпен және Н.Разакпен, Дүниежүзілік экономикалық форумның төрағасы К.Швабпен жүздесті.

Бұдан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысы А.Гутеришпен әңгімелесті. Әңгіме барысында ол Шанхай ынтымақтастық ұйымының Астанада өтетін саммитіне қатысу ниеті бар екенін растады.

 

Еркін ҚАЛДАН

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*