Дәрі-дәрмек өндірісі екі есе ұлғаяды

1342
0
Бөлісу:

Премьер-министрдің бірінші орынбасары А.Мамин тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша және Қазақстанда фармацевтикалық саланың жағдайы мен оны дамыту туралы Мәжілістегі парламенттік тыңдауларға қатысып, сөз сөй­леді.

«Халықтың денсаулығын жақсарту, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру – Үкіметтің маңызды міндеті» деді А.Мамин.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта жүргізі­ліп жатқан ден­саулық сақтау жүйесін реформалау және 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу қаржыландыру көлемін ұлғайтуға және медициналық қызмет көрсетулердің қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Жолдауда айтылған Мемлекет бас­шысының міндеттерін орындау мақсатында қазіргі таңда дәрілік заттардың бағаларын, оның ішінде Парламент талқылауына енгізілетін нарықтағы бағаларды заңнамалық реттеу бойынша шаралар пысықталуда.
Премьер-министрдің бірінші орын­басарының айтуынша, Үкімет отандық дәрі-дәрмек өндірушілеріне қолдау көрсету жұмыстарын жалғастыруда. 2016 жылы қа­зақстандық фар­мацевтикалық өнім көле­мі – 42,4 млрд теңге. Бұл фарма­цев­тикалық нарықтың жалпы көлемінің 8-12% құрайды. Сонымен қатар мемлекеттің сатып алу­ларының көлемі 25,6 млрд теңгені немесе жалпы көлемнің 60% құрайды.
А.Мамин «5 жыл ішінде отандық дәрі-дәрмек өндірісі көлемін 2 есеге ұлғайту жос­парланғанын, бұл импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік беретінін» атап өтті. Сондай-ақ ол «Еуразиялық экономикалық одақ аясында тұрақты негізде дәрі-дәрмектер мен медицина өнімдерінің бірыңғай нарығын қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын» мәлімдеді.
Бұдан бөлек бүгінде қауіпсіз, тиімді жә­не сапалы дәрілер мен бұйымдарға қолжетім­ділікті арттыруға, фармацевтикалық бизнесті дамыту жағдайларын жақсартуға бағытталған 70 құжат әзірленіп жатқанын хабарлады.

Бөлісу:

Пікір жазу


*