Сауд Арабиясы королінің сәлемін жеткізді

1386
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы корольдігінің Парсы-араб шығанағы істері жөніндегі мемлекеттік министрі Самер әл-Сабханмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екі ел ынтымақтастығының қазіргі ахуа­лы мен перспективаларын талқы­лады. Қазақ­стан Президенті былтыр күзде Сауд Арабиясы король­дігіне барған ресми са­парының қорытын­дысында қол жет­кізілген маңызды нәтижелерге назар аударды.
Нұрсұлтан Назарбаев соңғы 25 жылда Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынас қарқын­ды дамып, тәжірибе алмасу жолға қойыл­ғанын, сондай-ақ кең ауқымды мәсе­лелер жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілгенін атап өтті.
Мемлекет басшысы елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты ны­ғайту үшін Қазақстан алдағы уақытта да бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты.
Сонымен қатар тараптар күн тәрті­­біндегі маңызды жайттарды, соның ішінде өңірлік қауіпсіздік, конфесси­я­аралық қақтығыстарды шешу мәсе­лелерін талқылады.
– Өзіңізге мәлім, жақында Астанада Сириядағы қақтығыстар жөнінде кезекті келіссөз өтті. Бұл кездесуге Сирия оппози­ция­сының барлық өкілі қатыс­қанын атап өткен жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Самер әл-Сабхан Қазақстан Прези­дентіне екіжақты ынты­мақ­тастық мәсе­лелерін талқылауға мүм­кіндік туғызғаны үшін алғыс айтып, Сауд Арабиясы королінің сәлемін жеткізді.
– Біз Қазақстанға ислам әлеміне қатысты мәселелерді шешуге қосқан үлесі, соның ішінде Сириядағы қан­тө­гіс­ті тоқтатуға деген ұмтылысы үшін ри­за­­шы­лық білдіреміз. Сауд Ара­биясы ко­роль­дігі Сириядағы қақты­ғыстар сая­си рет­теу арқылы шешілуге тиіс деп санай­ды. Біз бұл мәселені тек бейбіт жолмен шешу жөніндегі сіздің ұстаны­мыңызды қолдаймыз, – деді Самер әл-Сабхан.
Сондай-ақ кездесуге Қазақстан Президентінің көмекшісі Н.Онжа­нов, Сыртқы істер министрі Қ.Әбді­рах­манов және Сауд Арабиясы ко­рольдігінің Қазақстандағы елшісі Захир бен Мутиш әл-Энази қа­тысты.

Бөлісу:

Пікір жазу


*