Назарбаев университеті үшінші түлектерін ұшырады

1429
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Назарбаев университеті дербес білім беру мекемесінің президенті Шигео Катсумен кездесті.

Кездесуде Мемлекет басшысына білім беру мекемесінің жұмыс нәтижелері туралы есеп беріліп, университеттің құрылғанынан бергі жетістіктері және оны бұдан әрі дамыту жоспарлары жөнінде баяндалды.
Елбасыға Назарбаев универ­ситеті дербес білім беру мекемесі
7 жылдағы өз жұмысы барысында жетекші халықаралық жоғары оқу орындарының үздік тәжірибесін қабылдағаны, сондай-ақ оқу ор­нында болашағынан үміт күттіретін ең дарынды студенттерді іріктеуге септігін тигізетін меритократия қа­ғидаты енгізілгені мәлімделді.
Шигео Катсудың айтуынша, уни­верситетте қазіргі кезде мықты зерттеу институты бар, бұл ұлттық деңгейде тұрақты әріптестікті қа­лып­тастыру үшін техн­ологияларды дамытуға, білімді жетілдіруге зор мүмкіндік береді.
Биыл Назарбаев университеті дербес білім беру мекемесінің үшінші түлектері оқуды тәмам­дайды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*