«Бәйтерек» холдингінің жұмысы жайлы есеп берілді

1261
0
Бөлісу:

Елбасы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады.

Кездесуде Мемлекет басшысына холдингтің жұмысы туралы есеп беріліп, оны бұдан әрі дамыту жос­парлары таныстырылды.
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет­тік бағдарламаларды іске асыру үшін холдингке бөлінген қаражатты уақ­тылы әрі сапалы игерудің маңызды­лығын атап өтті.
Қазақстан Президенті индус­трия­лық-инновациялық даму бағдар­ламасы мен «Нұрлы жол» ин­фра­құрылымдық даму бағдарлама­сының орындалуына қатысты мәселелерге арнайы тоқталды.
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы хол­дингі» акционерлік қоғамы бас­қарма­сының төрағасы Мемлекет басшысына холдингтің құрыл­ғаннан бергі көрсет­кіш­тері ұдайы өсіп, былтыр оның актив­тері 2015 жылмен салыстырғанда 15%-ға артқаны туралы баяндады.
Сондай-ақ Е.Досаев Қазақстан Пре­зидентіне отандық автокөлік өндіру­ші­лерді қолдау, машина құрас­тыру саласын қаржыландыру, шағын және орта биз­нес­ке пен экономи­каның түрлі сектор­ла­­рын­дағы басқа да кәсіпорын­дарға жәр­­­демдесу мәселе­лері жөнінде мәлімдеді.
Нұрсұлтан Назарбаев кездесу со­ңында бірқатар тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*