Лайықты азаматтар жоғары атақтарға ие болды

2447
4
Бөлісу:

Президент Нұрсұлтан Назарбаев жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысып, тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әскерінің кәсіби біліктілігі артқанына тоқталып, оның қатарындағы ең лайықты азаматтардың жоғары атақтарға ие болып келе жатқанын айтты.

– Бүгінгі рәсімнің Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығы қарсаңында өтуінің ерекше символдық мә­ні бар. Бұл – ел егемендігінің сенімді кепіліне ай­нал­ған айбынды армиямыз үшін маңызды тарихи белес. Оның әлеуеті тәуелсіздік жылдарында әскери ре­формалардың, қару-жарақ пен техниканың жүйелі жаңартылуының арқасында айтарлықтай нығайды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті жаңа жаһандық қауіп-қа­терлер жағдайында еліміздің қауіпсіздік пен қорғаныс са­ласындағы барлық құрылымдарының кәсіби және жауынгерлік дайындығының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударып, бұл ретте командирлер корпусының ерекше рөлін атап өтті.
– Сіздер жауынгерлік өнегелі үрдісті, бабалардың ер­лік дәстүрін жалғастырып, барлық жеке құрам үшін қал­тқысыз қызметтің үлгісін көрсетіп келесіздер. Әс­кери дайындық деңгейінің артуы, әскердегі және құ­қық қорғау органдарындағы мінсіз ахуал сіздердің бас­шылық ету ісін сауатты жүргізулеріңізге бай­ла­ныс­ты. Күш-қуаттарыңыз, білімдеріңіз бен тәжірибелеріңіз қауіп­сіздікті қамтамасыз етуге, құқықтық тәртіпті, елі­міздің конституциялық құрылымын сақтауға бағыт­талуы тиіс. Сіздер қоғамдағы ең жауапты миссияны – қа­зақстандықтардың бейбіт өмірі мен тәуелсіз­дігі­міздің құндылықтарын қорғау ісін жүзеге асырып ке­лесіздер, – деді Елбасы.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев рәсімге қатысу­шы­ларға зор денсаулық, бақ-береке және табыс тіледі.
Рәсім барысында генерал-лейтенант әскери атағы Т.Мұх­таровқа, ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты арнаулы атағы С.Әбішке, Ә.Садықұловқа, генерал-майор әскери атағы Д.Адырбековке, Е.Алдажұмановқа, Ж.Ахметовке, Т.Әбішевке, Т.Әміриевке, В.Беккерге, С.Исмайловқа, Қ.Қарақұловқа, Б.Құрманбаевқа, Қ.Тасыбековке, авиация генерал-майоры әскери атағы Т.Қойшықұловқа, контр-адмирал әскери атағы Қ.Есе­неевке, ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы К.Адамбековке, полиция генерал-майоры ар­наулы атағы Б.Аймағамбетовке, М.Қызыловқа, 3-с­а­нат­тағы жоғары біліктілік сыныбы Т.Татубаевқа, 3-сы­­ныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық ше­ні Қ.Игембаевқа, Е.Сыбанқұловқа, Ә.Шындалиевке бе­рілді.

Бөлісу:

4 пікір жазылған

  1. Алмас қылыш 10 Мамыр, 2017 at 11:43 Жауап

    Жоғары атақтар мен мемлекеттік наградаларға ие болған азаматтарды құттықтаймыз!

  2. Оспан 10 Мамыр, 2017 at 11:51 Жауап

    Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарып жүрген азаматтарды Елбасымыз ешқашан ұмытқан емес.

  3. Құрбан 10 Мамыр, 2017 at 12:01 Жауап

    Ең бастысы аталған азаматтар алған атақтарына лайықты болғай. Ел тыныштығы солардың қолында ғой!

Пікір жазу


*

Оқуға кеңес береміз