Мемлекеттік наградалар тапсырылды

1622
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградалар тапсыру рәсіміне қатысып, Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс мерекесімен құттықтады.

– Қалыптасқан игі дәстүр бойынша мемлекеттік наградалар сіздерге Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күнінің қарсаңында тапсырылып отыр. Бұл мере­келер бізге айрықша қымбат. Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы аға буынның ерен ерлігі мен асқан батырлығының үлгісіне айналды. Мұны әрқашан есте ұстауға тиіспіз, – деді Президент.
Мемлекет басшысы құқық қорғау құрылымдары мен армияның ел қауіпсіздігін және тәуелсіздігін қам­тамасыз етудегі айрықша рөліне тоқталып, олар­дың адал қызметі мен кәсібилігі жоғары ба­ғалануға, зор құрметке лайық екенін атап өтті.
– Сіздер Отанға қалтқысыз қызмет етудің жар­қын үлгісін көрсетіп келесіздер. Туған жерге деген айнымас адалдықтарыңыз бен ерлік істеріңіз – өс­келең ұрпақ үшін өшпес өнеге. Еліміздің әскери қыз­метшісі және құқық қорғау құрылымының қыз­меткері атағын алдағы уақытта да абыроймен алып жүретіндеріңізге сенімдімін. Біз сіздердің қиын­дыққа толы қызметтегі, халық игілігі жо­лын­дағы ерен еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Елбасы марапатталушыларға мінсіз қыз­меті үшін алғысын білдіріп, оларға зор ден­саулық, бақ-береке, жаңа табыс тіледі.
– Бүгін осы наградаларды сіздерге зор ықылас­пен тапсырамын. Бұл – еңбектеріңіздің, мінсіз қызметтеріңіздің бағалануының нәтижесі. Әскери қызметшілер, құқық қорғау жүйесі – мемлекетіміз бен тәуелсіздігіміздің тірегі. Сіздер награданы елеу­лі кезеңде – еліміздің Қарулы Күштерінің 25 жыл­дығында алып отырсыздар, – деді Пре­зидент.
Салтанатты шара барысында І дәрежелі «Даңқ» орденімен Солтүстік Қазақстан облысының про­куроры Б.Асылов, Мемлекеттік күзет қызметі бас­тығының орынбасары – Нысандарды қорғау қыз­метінің бастығы М.Аюбаев, Ұлттық Ұланның бас қолбасшысы Р.Жақсылықов, Қорғаныс министрлігі бас инспекциясының бастығы Қ.Қаражанов, Қор­ғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы М.Майкеев марапатталды.
ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы И.Ле­пехаға және Қорғаныс министрлігі «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы Д.Оспа­новқа тапсырылды.
І дәрежелі «Айбын» орденімен Ұлттық қауіп­сіз­дік комитеті департамент бастығының бірінші орынбасары Д.Бартенов марапатталды.
ІІ дәрежелі «Айбын» ордені Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана қалалық департаментінің басқарма бастығының орынбасары И.Әуесбаевқа, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Батыс Қазақстан облыстық департаментінің басқарма бастығы Т.Ғиззатовқа, Мемлекеттік күзет қызметінің департамент бастығының орынбасары Е.Лавренюкке, Қорғаныс министрлігі №30212 әскери бөлімінің командирі Т.Сапарбаевқа, Қорғаныс министрлігі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскері қолбасшысы-
ның бірінші орынбасары Т.Исмаиловқа тап­сырыл­ды.
ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Мемлекеттік күзет қызметінің Нысандарды қорғау қызметі 0112 әскери бөлімінің салтанатты рәсім батальоны бөлімшесінің командирі Н.Ахметуллин, Қорғаныс министрлігі Кадет корпусының сержанты
М.Рахымбеков марапатталды.
«Ерлігі үшін» медалі Ішкі істер министрлігі Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің аға жедел уәкілі Б.Айтеленовке, Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі КА-168/3 мекемесінің жедел бөлімшесінің бастығы Н.Жидехановқа, Ішкі істер министрлігі Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің №8 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі
А.Сал­кеевке, Мемлекеттік қызмет істері және сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департамент басшысының орынбасары Ж.Тәжібаевқа тапсырылды.
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Ұлттық қауіп­сіздік комитеті Үкіметтік байланыс қызметі басқармасының бастығы Ә.Әзімбаев, Қорғаныс мин­истрлігі №41433 әскери бөлімінің командирі С.Елубаев, Қорғаныс министрлігіне қарасты Ар­мия орталық спорт клубының – Спорт комитетінің нұсқаушы-сержанты А.Райкова, Қорғаныс министрлігі №55652 әскери бөлімінің авиациялық эскадрилья командирінің орынбасары Н.Тер­геубаев, Қорғаныс министрлігі №32363 әскери бөлі­мінің десант-шабуыл батальонының командирі А.Төлегенов марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медаліне Қорғаныс ми­нистрлігі Бас әскери клиникалық госпиталі бас­тығының орынбасары – медицина бөлімінің бас­тығы Г.Байділдаева ие болды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*