Мерекелік концертке қатысты

1527
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Отан қорғаушы күніне және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған мерекелік концертке қатысты.

Концерт Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арнал­ған деректі фильм көрсетуден бас­талды. Бағдарламаға Қарулы Күш­тердің барлық әскер түрлерінің шы­ғар­машылық ұжымдары, респуб­ликалық «Жас ұлан» мектебі мен мамандандырылған «Арыстан» лицейінің тәрбиеленушілері, сондай-ақ Қарулы Күштер орталық ансамблі мен Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери оркестрі қатысты.
Концертте Қазақстан армия­сының жетістіктері туралы әндер шырқалып, фольклорлық му­зы­калық шығармалар орын­далды, сон­дай-ақ әр кезеңнің қаһарман­дарын ұлықтауға арналған хоре­графиялық композиция көрсе­тілді.
Сонымен қатар А.Александров атындағы Ресей әскері ансамблінің жетекші солисі Б.Дьяков, Қытай Қорғаныс министрлігінің әндер мен билер ансамблінің жетекші солисі В.Лид, Ұлттық әскери-пат­риоттық орталықтың әскери ор­кес­трінің жетекші солисі А.Жыл­тыр­көзов өнер көрсетті.

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*