Студентттер де әскери сапқа дайын

2613
0
Бөлісу:

Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уиниверситетінің әскери кафедрасында Қазақстан Қарулы күштерінің 25 жылдық мерейтойына орай жиын өтті. Шараға кафедра түлегі, ҚазҰУ-дың бірінші проректоры М. Бүркітбаев мырза қатысып, кафедраның алға қойған мақсатымен таныстырды.

Конференцияда университет басшылығының атынан М.Бүркітбаев кафедра ұстаздарына алғыс айтып, олардың бірқатарына ректордың алғыс хаты мен «Әл-Фараби» медалын табыс етті. М.Бүркітбаев кафедарының Әскери отаншылдыққа тәрбиелеу бөлімшесі, әскери қайраткер, армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы» Сағадат Нұрмағамбетовтің және Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлының атындағы оқу аудиторияларын аралап, әскери кафедра студенттерінің оқу-жаттығудағы формалары мен қорғаныс қару-жарақтарымен танысты.

–Отан қорғау – асыл қасиет. Университетте білім алып жүріп, әскери кафедраға қатар түскен студенттеріміз осы қағиданың үдесінен шығып келеді деген ойдамын. Біздің әрқайсысымыз  Отанның тыныштығын сақтауға һәм қорғаныста қабілеттілігіне жауаптымыз, борыштымыз. Сол себепті де, студенттеріміз осы үдеден үнемі табылып, ғылымда білімді, әскери кафедрада жүректі, білекті болып келеді. Осындағы ұстаздарды аталмыш мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын!»,-деді.

Бекболат Иханбаев, әскери кафедраның запастағы полковнигі:

-Еліміздің Қарулы күштері 25 жылда алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылып отыр. Қазіргі кезде Қарулы күштеріміз құрлық әскерлері, әуе қорғаныс күштері және теңіз күштерінен тұрады. Біздің әскеріміз осы заманға сай қару-жарақтарға ие. Ол қару-жарақты қолдана алатын білікті мамандар бар. Соңғы өтіп жатқан оқу-жаттығу шаралары  – Қарулы күштердің жоғары деңгейде екенін тағы бір мәрте көрсетіп жатыр. Біздің әскери кафедрада кезінде Қарулы күштерде қызмет еткен азаматтар білімдерін оқып жатқан кафедра студенттеріне үйретуде. Кафедраның құрамында білікті, тәжірибелі офицерлер көп. Әр офицердің Қарулы күштерімізге қосқан үлесі зор. Барлық әріпстерімді, осынау мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Суреттерді түсірген автор

Бөлісу:

Пікір жазу


*