Әскери шеруге қатысатын техникалар тексерілді

1368
0
Бөлісу:

Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жыл толуына орай өткізілетін әскери шеруге қатысатын техникалардың дайындығына және жанармай сапасына тексеру жүргізілді.

Қарулы Күштердің Жанар-жа­ғармай басқармасындағы лауазымды қызметкерлер «Қаз­МұнайГазӨнімдері» серік­тестігінің Жанармай сапасын бақылау жылжымалы зертханасы мамандарымен бірлесіп, шеруге қатысатын техникаларға қажетті жанармайды комиссиялық ірік­теуден өткізіп, резервуарлық парк пен отын құюшылар және меха­никаландырылған колон­нада жүретін техникаларға тек­серу жасады. Әскери шеру бойын­ша дайындық іс-шара­лары бары­сында Жанар-жа­ғармай бас­қармасы және «Қаз­Мұ­найГазӨнімдері» ЖШС Жа­нармай­дың сапасын бақылайтын жыл­жымалы зертхана маман­дары жанар-жағармайды өн­діруден бастап, тасымалдау және әскери техникада қолдануға дейінгі бар­лық кезеңдерде жет­кізілетін жанармайдың сапасын бақылауды жүзеге асырады.
Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қол­бас­шысы Н.Назарбаевтың тікелей қолдауының арқасында, әртүрлі жауынгерлік іс-қимыл­дарды жүр­гізген кезде қойы­латын барлық талаптарға сай келетін қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілері­мен Қарулы Күштерді қайта жабдықтау ұдайы жүргізіліп отырады. Заманауи әскери тех­ника қозғалтқыш­тарының жұ­мыс жасау тиімділігін арттыру бойынша жаңа талаптарға сәйкес жоғары сапалы жанар-жағармайларға, басқа да техни­калық арнайы сұйықтықтарға мұқтаждық туындауы мүмкін. Қазіргі кезде қолданылатын за­манауи қозғалтқыштардың құ­растырылмалы ерекшеліктері мен оларды күрделі жағдайларда пайдалану жанар-жағармай материалдардың құрамы мен сапасының жоғары деңгейде болуын талап етеді. Әртүрлі жауын­герлік күрделі маневрлерді жасауға, әскери техникалардың ақаусыз қызмет етуіне қазіргі за­манғы жоғары технологиямен жасалған жанар-жағармайды қол­данған кезде ғана қол жет­кізуге болады.
«ҚазМұнайГазӨнімдері» ЖШС және «ҚазМұнайГаз­Аэро» ЖШС сияқты Қазақстан Үкіметі айқындаған бірыңғай ұлттық операторлары Қорғаныс ведомствосына жыл сайын 25 мыңға жуық тонна автомобиль бензині мен дизельді отынын және 23 мыңнан аса тонна авиациялық керосин жеткізеді. Бұл жанар-жағармай өнімдерінің сапасын тексеру үшін Астана, Алматы және Атырау қалала­рында үш станционарлық сына­ма зертханасы және 9 мобильді зертхана бар.

Қайыржан ТӨРЕЖАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*