ӘСКЕРИ ПАРАДҚА ӘУЕ КҮШТЕРІ ҚАТЫСАДЫ

2383
3
Бөлісу:

7 мамыр күні Астанада өтетін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына және Ұлы Жеңістің 72 жыл толуына арналған әскери парадқа Әуе қорғаныс күштерінің авиациялық техникасы қатысады. Қазір елордада әскери парадтың әуе бөлігінде өтетін жаттығулар жүріп жатыр.

Биылғы әскери парадтың мақсаты – армияның жауынгерлік қуатын, Қа­рулы Күштердің техникалық тұрғыда жабдықталуын, қазақстандық армияның жауынгерлік арсеналын толықтырған отандық және шетел өндірісінің қару-жарағы мен әскери техникасының за­манауи үлгілерін көрсету. Әскери парад­тың әуе бөлігінде өтетін маневр­лерді орындау үшін еліміздің Әуе қорғанысы күштерінің 70-тен аса бірлік авиациялық техникасы 7 мамыр күні көкке көте­ріледі. Әуе бөлігінің негізгі элементтерін парадты ұйымдастырушылар әзірше құпия ұстап отыр. Отан қорғаушылар күні Астана көгінде өтетін авиашоу өзінің көрсеткіштері бойынша бұдан бұрын өткізілгендердің арасындағы ең ерекше және көрген адамның есінде қаларлықтай болмақ. Әзірге білетініміз – Әскери парад кезінде Ми-8, Ми-17, Ми-26, Ми-35, Ми-171Ш, ЕС-145, Ту-134, Ту-154, Ан-26, Ан-72, С-295 әскери-көлік авиациясы мен Су-25, Су-27, Су-30, МиГ-27, МиГ-29, МиГ-31 май­дан­дық авиациясының ұшақтары аспан көгінде ұшады.
Астана аэродромында әскери-әуе күштеріміздің жаттығулары өтіп жатыр. Бұған дейін елдің әр түкпірінен жи­налған ұшқыштардың тәжірибесі сынға түсті. Парадтың шарықтау бөліміне әскери-әуе қорғанысы жауапты. Қа­натты және винтті техникалардың басым бөлігі Астанадағы №19132 әскери бөліміне қарасты әуе айлағынан көте­ріледі. Жатығулар барысында әскери ұшқыштар салтанатты шараға сақадай сай жан-жақты дайындалу керектігін жақсы түсінеді. Талғат Бигельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының түлегі Олжас Бердібек өзінің осындай ауқымды парадқа қатысатынын үлкен мәртебе санайды. «Әскери әуе шеруіне алғашқы рет қатысқалы отырмын. Мен үшін бұл өте маңызды. Ұшқыш болуды жастайымнан армандаған едім. Ақтөбе қаласындағы жоғарғы әскери орнын бітіріп, қазір Семей қаласында жұмыс істеп жүрмін» деді Eurocopter тікұшағының ұшқышы Олжас Бердібек.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы генерал-майор Дәурен Қосановтың айтуынша, алғашқы дайын­дық кезінде көп қате болмаған. Өйткені Ми-8 бен Ми-17 тікұшақтары және Ан-26, Ан-72, Си-295 әскери лай­нерлерінің техникалық және нави­гациялық мүмкіндіктері жоғары.
– Тәжірибелі мамандар үшін басқару кезінде айтарлықтай қиындық тумайды. Ұшқыштар мен ұшақтар дайын.
7 мамырда тиісінше өнер көрсетеміз деп ойлаймыз, – деді генерал-майор.
7 мамыр күні Астанадағы Тәуелсіздік алаңында өтетін әскери парадқа 5 мың сарбаз, 300 құрлықтық және 80 әуе техникасы қатысады. Көрермен наза­рына Ми-35, Ми-171Ш және елімізде құрастырылатын ЕС-145 сынды жаңа авиация техникалары ұсынылады. Су-30 СМ мен МиГ-27 жойғыштары Қара­ғанды мен Талдықорған аэродром­дарынан ұшып келеді.
Авиация – елдің маңызды бағыт­тарын аудандары мен нысандарын әуе­ден келген жаудың соққыларынан қор­ғауға арналған Әуе қорғанысы күште­рі­нің негізгі айлалы әскер тегі. Іс жүзінде қорғайтын нысандардан макси­малды қашықтықта кез келген әуе нысаналарын жоюға қабілетті. Оның құрамында зымырандық және зеңбі­ректік күшті қаруландырылған дыбыс­тан ұшқыр жойғыштар: МиГ-31 жой­ғыштары, МиГ-29 майдан жойғыштары, МиГ-27 және Су-27 жойғыш-бомба­лаушылары бар.
Бүгінгі күні Қарулы Күштердің тех­никалық жасақталуы анағұрлым жо­ғары, сапалы деңгейге жетті. Бұл – Қарулы Күштерге Қазақстан Республи­касының Президенті – Қарулы Күш­тердің Жоғары Бас қолбасшысы мен Қазақ­стан Республикасы Қорғаныс министрінің баса назар аударуының нәтижесі.

Қайыржан ТӨРЕЖАН

Бөлісу:

3 пікір жазылған

Пікір жазу


*