Сот жүйесінің ардагерлерін құттықтады

1560
0
Бөлісу:

Жоғарғы cотта Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын болып өтті. Іс-шараға судьялар және жоғарғы сот органының ардагерлері, сондай-ақ Департаменттің қызметкерлері қатысты.

Жоғарғы cоттың төрағасы өз құт­тықтауында Жеңіс күнін бойымызды мақтаныш сезімі кернеп, болашақ ұрпаққа естелік және бейбітшілік құндылықтары туралы ұлағатты өсиет айтатын мереке деп атап өтті.
– Бұл мереке сұрапыл соғысқа қа­тысып, фашизмді тізе бүктірген ата­ларымыз бен әкелеріміздің қаһармандық ерліктері мен жанқиярлық қайсарлығын еске түсіреді. Олардың бірқатары Жеңіс күніне жете алмады, көбісі өмірден өтті. Дегенмен олардың ерліктері туралы естелік ұрпақ жадында мәңгі сақталмақ, – деді ол.
Тыл еңбеккерлерінің соғыс жыл­дарында қиындықтарға қарамастан, күнделікті ауыр еңбекті еңсеріп, Жеңісті барынша жақындатқандары айтылды. Олар майданға кеткен азаматтардың орнын басып, Қазақстанға көшірілген жүздеген зауыттың өндірісін іске қосты. Олар майданға танктер, ұшақтар, оқ дәрілер мен азық-түлік өнімдерін жөнелтіп, Жеңіске жетуге сүбелі үлес қосты.
Өз сөзінде Қ.Мәми Отан қорғаушылар күнін ерекше атап өтті.
– 7 мамыр тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштерінің қалыптасқан күні болып табылады. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері Мемлекет басшысының қолдауымен Отанымызды қорғайтын қуатты әскер қалыптасты, – деді Жоғарғы соттың төрағасы.
Салтанатты жағдайда Қ.Мәми сот жүйесінің ардагерлерін Елена Ақмолдаеваны, Бағдат Ахметовті, Анатолий Линникті, Николай Мамонтовты, Ибраһим Тоқболатовты «Сот жүйесінің ардагері» медалімен марапаттады. Іс-шарада Судьялар одағының атынан Жоғарғы сот судьясы Ғазиза Мұсабекова мен сот жүйесінің ардагері Ғалия Мақажанова құттықтау сөз сөйледі.
Өз тілшімізден

Бөлісу:

Пікір жазу


*