Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен кездесті

1486
0
Бөлісу:

Өзбекстан Президентінің Қазақстанға жұмыс сапары аясында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиеевпен кездесті.

Кездесуде өзбек көшбасшысының биылғы наурыз айындағы мемлекеттік сапары барысында екі ел арасында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асы­рылу мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы өткен кездесуден бері екі ел арасындағы іскерлік белсен­діліктің артуы байқалып отырғанын атап өтті.
– Биылғы бірінші тоқсанда экономи­каның түрлі саласындағы іскерлік өзара қарым-қатынастың деңгейі артты. Осы орайда, көлік-логистика саласын, автоөнер­­кәсіпті, сондай-ақ өңірлік ын­тымақтастықты атап өтуге болады. 2017 жылғы алғашқы үш айда тауар айналымы 37%-ға өсті, – деді Қазақстан Президенті.
Ш.Мирзиеев тығыз екіжақты кезде­су­лер мемлекетаралық қарым-қатынастың тиімділігіне тікелей ықпал етіп отырға­нына назар аударды.
– Биылғы наурыз айындағы сапардан соң біз бірлескен жұмыстардың барлық бағыты бойынша жол картасын қабыл­дадық. Министрлер, өңірлер басшылары деңгейіндегі кездесулер жиіледі, – деді өзбек көшбасшысы.
Сондай-ақ Қазақстан және Өзбекстан президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев Caspian Food жауап­кершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Жүзім алқабы мен жаңғақ егілетін аумақ­тарды көріп, кәсіпорынның жүзім өсіру, шарап жасау ісін дамыту саласындағы жұ­мы­сымен танысты. Екі елдің басшы­лары жүзім қабылдау және оны фер­ментациялау сатысының технологиялық желісімен танысты, сондай-ақ өнім та­зартылып, құтыларға құйылатын цехтар­ды аралап көрді.
Бұл зауыттың ақ және қызыл шарап өндіру үшін қажетті қуаттылығы жет­кілікті, шығарылатын шараптың са­пасына бақылау жүргізетін зертхана бар. Кәсіпорындағы өндірістік кезең еуро­палық үздік стандарттарға сай жүзеге асырылады.
Бұдан бөлек, Өзбекстан президенті Ресей Федерациясынан мұнай тасымалдау мәселесіне байланысты қолдау көрсеткені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.
Соңында екі ел басшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақ­тас­тықтың оң қарқыны сақталып, одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*