Ақан Сатаевпен жүздесті

1584
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бейбітшілік және келісім сарайында белгілі режиссер Ақан Сатаевпен кездесті.

Мемлекет басшысы режиссермен отандық киноның қазіргі ахуалы туралы әңгімелесті.
Қазақстан Президенті қазақ ұлты­ның қалыптасуы, тәуелсіз республи­камыздың жаңа елордасының салынуы туралы тақырыптар жаңа кинотуын­дылар түсіру үшін маңызды екенін атап өтті.
Елбасы тарихи сәттерді түсіруге қатысты көзқарасын білдіріп, отан­дық кинематографияның келе­шек­тегі дамуы туралы ойларын ортаға салды.
А.Сатаев Мемлекет басшысына өзі­нің кино саласындағы жұмыс жос­парлары жөнінде айтты.
Елбасы кездесу соңында режиссерге шығармашылық жетістік пен табыс тіледі.

Бөлісу:

Пікір жазу


*