Елбасы Димашпен кездесті

1382
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы ассамблеясының XXV сессиясы басталар алдында әлемге танымал әнші, Қытайда өткен I am а singer байқауының екінші орын иегері Димаш Құдайбергенмен кездесті.

Қазақстан Президенті әңгіме бары­сында Д.Құдайбергенді Қытайда өткен халықаралық байқаудағы жеңісімен құт­тықтап, оған бақ-береке және зор шығар­машылық табыс тіледі.
– Сенің бойыңда айрықша дарын бар. Соны сақтай біл. Мен сенің болашағыңның жарқын болуын тілеймін. Халқыңа қызмет ету жолында қуатың сарқылмағай. Сені қазір барлық жерге шақырып жатыр. Сол үшін саған мықты денсаулық керек, – деген Елбасы жас дарынға батасын берді.
Д.Құдайберген Мемлекет басшысына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіріп, өзінің алдағы жоспарлары жөнінде айтты.
Кездесу соңында Қазақстан Президенті жас әншінің шығармашылық жолда жаңа жетістіктерге жетуіне тілектестік білдірді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*