Батырларды тануы тиіс

1331
0
Бөлісу:

   «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін «ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына» экскурсия ұйымдастырды. 

Партияның астаналық филиалы тұрақ­ты түрде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін іс-шаралар өткізіп келеді. Бұл экскурсия Ұлы Жеңіс қарсаңында өткізіліп отыр. Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа еліміздің бүгінгі күнгі бейбіт өміріне себепкер болған Ұлы Отан соғысының батырларын дәріптеу.
Экскурсия «Көне заман – ХІХ ғасыр» залынан басталды. Ежелгі дәуір тарихына шолу жасалып, батырлар мен ел билеуші патшалар туралы баяндалды. Сондай-ақ олар ХХ ғасырдағы әскер тарихымен таны­суға мүмкіндік алып, соғыс қаһарман­да­рының бейнесін көріп, сол заманғы қаруларды тамашалады.
– Осы жұманың соңында балаларды кинотеатрға апарамыз. Кей балаларды кездесулерде жиі көріп тұрамыз. Бүгін біразы бізді танып тұр. Мұндай шаралар олардың қоғаммен араласуына жағдай жасай­ды, – деп атап өтті астаналық партия­­ның Алматы аудандық филиалы­ның кон­суль­танты Жанар Жақұпова.
Ата-аналар шара туралы пікірлерімен бөлісті.
– Ұлым Мұса жеті айлық болып туыл­ды. Дүниеге келген соң, сегізінші айында сал ауруы бар екенін білдік. Қазір – 10 жас­та. Үйде отырып сабақ оқимыз. Сон­дай-ақ бізге аптасына 2-3 рет 1,5 сағат­тан әлеу­мет­тік қызметкер келіп тұра­ды. Әлеу­мет­­тік қызмет көрсету орталы­­ғында оңал­ту­дан өтіп жатырмыз, – деді Мариям Жұма­шева.
Ата-ана мүмкіндігі шектеулі балалардың үйде отырып қалмай, осындай шараларға ша­қы­­­рылатынына қуанышты екенін жет­кіз­­­д­і.
Балалар «ҚР Қарулы күштерінің Ұлт­тық әскери-патриоттық орталығынан» соң елордада жақында ашылған «Мega silk way-дегі» «Evrikum ғажайып саябағына» барды.

Көркем ӨМІРӘЛІ

Бөлісу:

Пікір жазу


*