Елбасы елорданың нысандарын аралады

1377
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жоспардан тыс жұмыс сапары барысында елорданың оң жағалауындағы темір жол вокзалының қызметімен танысып, вокзал маңындағы алаңда қала қонақтарымен, тұрғындармен кездесті.

Нұрсұлтан Назарбаев «Сарыарқа» ауданының тұрғындарымен әңгімелесіп, оларға табыс пен бақ-береке тіледі, сондай-ақ қаланың коммуналдық ша­руашылық саласы қызметінің жұмысы туралы ойларын тыңдады.
– Мен жас маман ретінде 10 жылға жуық пәтер кезегінде тұрдым. Қазір заман басқа. Ұмтылыссыз ештеңеге қол жетпейді. Табысқа жету үшін жатпай-тұрмай жұмыс істеу қажет, сонда ғана еңбектің жемісін тата аласыздар, – деді Елбасы «Сарыарқа» ауданындағы тұр­ғын үй кешенінің бірінің тұрғындарымен әңгімелесу барысында.
Қазақстан Президенті қаланың қысқы маусымнан кейінгі жағдайының жақсы екеніне тоқталып, шаһардың қызмет көрсету мекемелері жұмысының нәтижелерін және елорданы абат­тандыру, тазалық сақтау жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Мемлекет басшысы автомобиль жолдарындағы кептеліс проблемалары мен көлік қоятын орындардың жетіс­пеушілігіне назар аударды.
– Жолдарда көлік өте көп. Қала басшылығы бұл мәселені шешудің жол­дарын қарастыруы керек. Қажет бол­ған жағдайда, шетелдік тәжірибе зерт­телуге тиіс. Сонымен қатар түрлі ғи­марат­тардың, сауда үйлері мен дүкендердің иелері әріптестерімен бірлесіп, өз аумағындағы тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуі қажет, – деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев қаланың «ЭКСПО – 2017» халықаралық көр­месіне уақтылы дайындығының ма­ңыз­дылығын айтып, барлық тұрғындарды елорданы көгалдандыру ісіне белсене атсалысуға шақырды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*