Жобаларды қолға алмақ

1488
0
Бөлісу:

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Үкімет үйінде Директорлар кеңесінің төрағасы А.Саркисян басқаратын Inalca Eurasia трансұлттық компаниясының өкілдерімен кездесті.

Жүздесу барысында Inalca Eurasia ком­паниясымен ауыл шаруашылығы кешені с­ала­­сындағы бірқатар біріккен инвес­тициялық жобаларды қолға алу мәселесі қозғалды.
Айта кетейік, италиялық Inalca ком­па­ния­сы 1963 жылы құрылды. Cremonini Group (Италия) құрамына кіретін бұл ме­кеме – Еуропадағы ет өндіретін ірі өндіріс орын­дарының бірі. Компанияның Еуропа, Аф­рика және ТМД елдерінде 14 өндіріс ау­мағы бар.

Серік САДЫР

Бөлісу:

Пікір жазу


*