Жоғарғы соттар байланысы жоғары деңгейде

1407
0
Бөлісу:

Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми бастаған делегацияның Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласына ресми сапары басталды. Делегация құра­мына Жоғарғы сот судьясы Асқар Смайылов, Астана қаласы сотының төрағасы Тілек­тес Бәрпібаев пен Жо­ғарғы сот жанындағы су­дья­лардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департамент басшысының орынбасары Әсия Қасенова енді. 

Іссапар шеңберінде қазақстандық де­легация Кореяның Жоғарғы сотының ғи­маратында болып, онда осы елдің жо­ғарғы сот органының төрағасы Янг Сынг-тэ мырзамен кездесті. Кездесу барысында Қ.Мә­ми кореялық әріптестерімен ын­ты­мақ­тастықтың жоғары деңгейін және өзара іс-қимыл орнатқан жылдар ішінде қалып­тас­қан екі жақты қарқынды байланыстың се­­німді мәмілегерлік сипат алғанын атап өтті.
Қазақстан Жоғарғы сотының төрағасы Қа­зақстандағы конституциялық реформа шең­берінде орын алған өзгерістер, соның ішін­де, Ұлт жоспарын іске асыру аясында елі­міздің сот-құқық саласындағы жаңа­шыл­дықтар туралы әңгімелеп берді.
Қ.Мәми дауларды шешудің баламалы механизмдерін енгізу бойынша тәжірибе алмасудың тиімділігін айта келе, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және соттардың жүктемесін азайтуға мүмкіндік беретін басым міндеттердің бірі ретінде татуластыру рәсімдерін енгізудің оң нәтиже бергенін айтты. Кореяның ақ­параттық технологиялар саласындағы жетекші жағдайын айта келе, қазақстандық делегация осы бағыттағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік танытты.
Өз кезегінде Янг Сынг-тэ мырза қа­зақ­стандық-кореялық қатынастарды өзара тиімді серіктестік қағидаты негізінде ны­ғайтуға ықпал ететін ынтымақтастықты одан әрі тереңдету қажеттігін тілге тиек етті. Ол кореялық тараптың қазақстандық әріп­тестермен сот ісін жүргізу, соның ішін­де, сот әкімшілігі саласына ақпараттық тех­нологияларды енгізу бойынша жинақ­таған тәжірибелерімен бөлісуге дайын екен­діктерін жеткізді.
Бүгін жалғасатын сапар шеңберінде қа­зақстандық делегацияның осы елдің Конституциялық сотының төрағасымен, Бас прокурорымен, Заңгерлік зерттеулер жә­не біліктілікті арттыру институтының рек­торымен кездесулері, сондай-ақ Корея Жо­ғарғы сотының Ақпараттық техноло­гия­лар орталығының жұмысымен танысуы жос­парланған.
Айтқандай, екі елдің жоғарғы соттары­ның төрағалары былтырғы 24 маусымда Астанада кездескен болатын. Сол кезде елі­мізге Янг Сынг-тэ бастаған делегация кел­ген еді. Кездесу барысында Қазақстан мен Корея жоғары сот органдарының бас­шылары екі елдің сот жүйесінің дамуы тура­лы өзекті ақпаратпен бөлісті. Мей­мандарды Жоғарғы сотта инвестициялық дауларды қарайтын мамандандырылған алқа мен Астана қаржы орталығы сотының құрылуы бағытындағы бірқатар тәжіри­белік мәселелер қызықтырды.
Бұған қоса, өткен жылғы 27-30 мау­сым ара­лығында Қазақстан Жоғарғы со­тының делегациясы да Кореяға сапар­лап, сот ісін жүргізуде ақпараттық тех­но­логияларды қол­дану тәжірибесімен та­ны­сып, сот­тар­дың инфрақұрылымы мен сот әкімшілігін ұйымдастыру ерек­ше­лік­терін зерделеген.

Ерік ЕРДЕНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*