Омбудсмен мекемесі – нақты істер институты

1340
0
Бөлісу:

Қазақстанда билік өкілеттіліктерін қайта бөлу шеңберінде маңызды шешімнің бірі болып Омбудсмен мәртебесінің конституциялық дең­гейі бекітілді. Бұл өз негізінде адам құқықтары және бостандық­тары­ның ұлттық жүйесін айтарлықтай нығай­туға және Қазақстан Парламенті рөлін күшейтуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты Қазақстан Республика­сын­дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровпен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

– Елімізде конституциялық реформа­лар қабылданды. Осыған байланысты елі­міздің Ата заңында Омбудсменнің мәр­те­бесі қай түрде анықталған? Оның қызметін одан әрі жалғастыруда қандай әсері болмақ?
– Омбудсмен туралы ережені еліміздің Ата заңында бекіту – оның мәртебесін кө­теру ғана емес, ең алдымен, мемлекеттегі және қоғамдағы адам құқығы мәселелерінің басымдылығына назар аудару. Елбасы­мыз­дың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» бағдарламалық мақаласында қойылған бә­секеге қабілеттілігін арттыру. Прагматизм, бір-біріне толерантты қарым-қатынас және адами капиталды дамыту арқылы мықты және жауапты адамдардан тұратын біртұтас ұлтты құру міндеттері осы басымдылыққа сәйкес келеді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жаңа мәртебесі оның қызметін реттейтін заң­намалық базаны одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді. Бұл Париж принцип­теріне сәйкес ұлттық құқық қорғау инсти­туттары үшін қабылданған стандарттардың талаптарына жауап береді.
Париж принциптеріне сәйкестік Ом­будсменге елеулі артықшылықтар, атап айт­қанда, Адам құқықтары жөніндегі ке­ңесті қоса алғанда, барлық құқық қорғау органдарында дауыс беру құқығы секілді құқық қорғау қызметінің халықаралық құралдарына қол жеткізуді ұсынады.
Конституциялық реформа орын­дал­ғаннан кейін Еуропа кеңесінің Страс­бург­тегі штаб-пәтеріне барып, осы ұйымның Хатшылығының, Еуропалық кеңестің Ве­не­­циялық комиссиясының және Адам құ­қықтары жөніндегі Еуропалық сотының бас­шыларымен кездесу барысында рефор­маның негізгі ережелері туралы хабарла­дым. Бұл ақпаратқа оңды пікірлер мен жо­ғары баға берілді.
– Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде сіздің қандай құралдарыңыз бар? Азаматтарымыздың құқығын бұзу нәти­же­сінде қолданылатын қандай да бір ықпал ету тетігін айта аласыз ба?
– Омбудсменнің жұмысындағы негізгі құрал – құқық бұзушылық істері негізінде әзірленген мемлекеттік органдардың атына жасалған хаттар мен ұсыныстар. Мысалы, Премьер-министрдің, Жоғарғы сот төр­аға­­сының, мемлекеттік органдардың бі­рінші басшыларының аттарына жіберілген еді. Жалпы, 2016 жылы осы құралдар пе­ни­тенциарлық, медициналық-әлеуметтік, бала­лар, әскери және басқа да салаларды қамтитын, соның ішінде ҰАМ шеңберінде 700-ге аса объектілерге бару нәтижесінде қолданылды. Осы жылдың бірінші тоқ­са­нын­да 200-ден астам нысанға бару жүзеге асты. Әрбір қарау нәтижесінде белгілі бір ұсынымдар әзірленіп, тиісті мемлекеттік ор­гандарға жолданды.
Осымен қатар бізге тікелей түскен арыз­дар тек біздің көзқараспен ғана баян­далса, бұл көрініс нақты болмас еді. Қа­рауы­мыздың нысаны ретінде әдетте өзіміз, соның ішінде бұқаралық ақпарат құрал­дарынан алған және кең қоғамдық резо­нансты тудырған ақпараттар болды. Мәсе­лен, жуырда белең алған жағдай, аза­маттардың уақытша тіркелуі қолданысқа түс­пей жатып көптеген наразылық тудырды.
Омбудсмен мекемесі сол кезде бірінші болып халық арасындағы шиеленісті басу үшін тұрақсыздық айыппұлдың қолда­ны­луын уақытша тоқтату ұсынысымен Үкі­метке үндеу жолдады. Негізінде бұл шара­ларды қолдану негізді еді. Себебі, бұл ау­қым­­ды жасырын көші-қон және еңбек табысты жасыру фактілерін жоюды көз­-деді. Нәтижесінде, өздеріңізге белгілі бол­ғандай, бұл мерзім екі айдан астам уақытқа, яғни 15 наурызға дейін созылды.
Басқа да мысал жалпы қоғамдық ке­лісімінсіз оқу жылының ықтималды ұзар­тылуы және жазғы демалыстың қысқар­тылуы туралы атышулы мәлімдеме Ом­будсменнің Білім және ғылым министріне жолдаған ашық хатымен байланысты. Бұл бағыт – Мемлекет басшысының қойылған талаптарына сай, жүйелі қадам, жан-жақты талдау және жоғарғы деңгейдегі тапсыр­малар мемлекеттік деңгейдегі шешімдеріне қайшы болып табылады.
Мұндай мысалдар аз емес. Соңғы уақыт­та Омбудсмен БАҚ-та Жер кодексіне түзетулер енгізумен байланысты рұқсат етіл­меген митингтер, жұмыспен қамтыл­маған азаматтарды қарулы күштерге ша­қыру бастамасы, көп балалы отбасыларды үйден шығару, балаларды жағымсыз ақпа­раттық ортадан қорғау және т.б. бойынша ұстанымдарын бұқараға жария етті.
– Сіздің ойыңызша, Омбудсмен меке­месінің қызметіндегі қандай жетістіктерді атап өтуге болады?
– Омбудсмен мекемесі мемлекеттік құқықтық жүйеде өзіне тиесілі орында. Яғни Ұлттық құқық қорғау институты бо­лып нақтыланды.
Мемлекет пен қоғам, мемлекеттік ор­гандар мен азаматтық сектор арасындағы медиатор қызметін табысты атқару да Омбудсменнің міндетінің бірі. Осы орайда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үйлес­тіруші рөлі жанында жұмыс істейтін жо­ғарыда аталған ҰАТ айқын дәлел. 3 жыл ішінде оның мүшелері барлық елдің жабық мекемелерінде еш кедергісіз мониторинг жүргізді .
Сондай-ақ халықаралық құқық қорғау ынтымақтастыққа баянды етене араласу мен онда барынша тиімді жұмыс жасауды да маңызды деп санау қажет. Біз Ұлттық құ­қық қорғау мекемелерінің (омбудсмен­дердің) Халықаралық үйлестіру комитеті­не мүше болдық және оның желісінің бірі – Азиялық-Тынық мұхиттық форум шең­берін­де белсенді жұмыс істейміз. Бұл ретте айтып кететін бір жайт, келесі аптада Астанада АТФ басшылығымен Орталық Азия елдерінің, Ауғанстан және Моңғолия омбудсмендерінің қатысуымен өзекті құ­қық қорғау мәселелері бойынша практи­мум өтеді.
Халықаралық әріптестермен бірге жа­салып жатқан белсенді жұмыстың арқа­сында біздің ел жекелеген құқық қорғау мәселелерінде реципиент емес, донор бо­лып келеді. Мәселен, отбасыда, мектепте және қалалық ортада балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойын­-ша ЮНИСЕФ-пен бірлесіп жасалған жобаның нәтижелері басқа елдерге пай­да­лану үшін ұсынылған.
– Елімізден тыс жерде тұратын азамат­тарымыздың құқығын қорғайсыздар ма?
– Әрине, елімізден тыс жерде жүрген қазақстандықтар да біздің тұрақты қор­ғауымызда. Екі мысал келтірейін. Бірін­-шісі – АҚШ азаматтары асырап алған отан­дастарымыздың қазасымен байланысты. Бұл қайғылы оқиға маңызды жүйелі проб­лемаларды анықтады, олар бізді мемле­кеттік органдарға, атап айтқанда, Сыртқы істер министрілігі мен Білім және ғылым министрлігіне үндеу салуға мәжбүрлетті. АҚШ азаматтары асырап алған 6609 қа­зақстандық баланың арасынан 673 бала бойынша заңмен белгіленген асырап алу­шылар есептері түспегені, 237 бала бойын­ша тіпті мүлдем ақпарат жоқ екені, яғни олар консулдық есепке алынбағаны анық­талды. Біздің мәліметіміз бойынша қазіргі таңда тиісті есеп пен бақылау жүргізілуде.
Басқа оқиға біздің бұрынғы отан­дас­тарымыздың – қазіргі Ресейдің азамат­тары­ның Мәскеуде заңсыз ұсталып, қа­нау­ға түсіп және қатыгез қарым-қатынасқа тап болуына байланысты атышулы арыздарға қатысты. Біздің мекемеміздің бастамасы бойынша өзара құқықтық көмек көрсету шеңберінде екі елдің құқық қорғау ор­ган­дары аталған фактілерді зерттеуге кірісті. Сондай-ақ – Ресей омбудсмендеріне үндеу салып, қазіргі уақытта істі логикалық соңы­на дейін жеткізу мақсатымен қажетті ық­пал­дасу амалдарын жүргізіп жатырмыз.
– Балалар үйлерін жаппай жабу тенден­цияларына қатысты Омбудсмен ретінде және жеке азамат ретінде пікіріңіз қандай?
– Қазіргі таңда балалар үйлерін жабу мен оларды балаларды отбасыға орналас­ты­рудың баламалы нысандарына алмас­тырудың (патронат мен қамқоршылыққа алу) тұрақты тенденциясы байқалуда. Мә­селен, 2015-2016 жылдары патронаттық тәр­биелеу мен қамқорлыққа 1841 бала бе­рілді және 48 балалар үйі жабылды. Соны­­мен қатар осы кезеңде аталған бала­лар­-
дың ішінен 399-ы қайта қайтарылды. Әр­-бір төртінші бала екінші реттік жетім­дікке тап болды.
Болып жатқанның негізгі себептерінің бірі – патронаттық ата-аналарда көптеген елдердегідей міндетті түрде қабылданған қажетті дайындықтың болмауы.
Өкінішке қарай, қалыптасқан жағдайда біз патронаттық ата-ананың уәждеме­лерін шынайы бағалай алмаймыз. Бұл, әсіресе, өткен аптада Білім және ғылым министрлігі вице-министрінің 40%-ға жуық ата-ана мектепке дейінгі тәрбиелеу дағдысын ием­денбегені, балалардың 50%-ының физио­логиялық даму мәселелерін білмейтіні ту­ралы сөздерінен кейін алаңдатып отыр.
Баланы патронаттық тәрбиелеуге алу тәртібі бізде тіптен қарапайым болып ке­леді, бұл арсыздау естілсе де, кейде бұл ХҚКО-та өзге құжатты алудан жеңіл болып келеді.
Айтып кететін жайт, патронаттық ата-ана ай сайын 35 мыңнан бастап одан да жоғары төлемақы, сондай-ақ 9-10 АЕК (22 мың теңге) мөлшерінде жәрдемақы алады.
– Әңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан Ерлан ИГИСИНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*