Диалог алаңын құру бұйырып тұр

2923
0
Бөлісу:

Ертең Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Тұрақтылық, бірлік, келісім – жаңғырту негізі» деген атаумен ассамблеяның XXV сессиясы өтеді. Сессия жұмысына 1500-ден астам адам қатысады деп күтілуде.

Жалпы, бұл жиынға еліміздің түк­пір-түкпірінен келетін ассамблея мү­­шелері мен ардагерлері, респуб­ли­калық және өңірлік этномәдени бір­лес­тіктердің төрағалары, Парламент де­путаттары мен орталық атқару ор­ган­дарының өкілдері, діни бір­лес­тіктер, саяси партиялар мүшелері, дип­ломатиялық өкілдіктердің қыз­мет­керлері, т.б. қатысуы керек.
Ассамблеяның кезекті сессиясына қа­­ты­суға дайындалып жүрген Қазақ­стан хал­қы ассамблеясының мүшесі, Абай атын­дағы ҚазҰПУ-дың Шы­ғыс тілдері мен аударма кафедрасының меңгерушісі, фи­лология ғылым­да­ры­ның докторы, про­фессор Князь Мир­зоев бұл басқосудан мол үміт күтетінін жет­­кізді.
– Бүгінгідей жаһандану заманында бүкіл әлем қиын-қыстау кезеңді ба­сы­нан өткізіп жатқан кезде Қазақстан мем­лекеттік һәм дінаралық қарым-қа­тынастарды дұрыс жолға қоя ала­тынын, ұлтаралық келісімді дамытып, мем­лекеттік құрылым мәселелерін бір дең­гейде шеше алатынын аңғар­тып отыр, – деп бастады сөзін Князь Мир­зоев. – Ескі және жаңа қауіп­тер­дің пай­да болуы мемлекеттің жаңару жо­лында аянбай еңбек етіп, өз алдына үл­кен мақсат-мұраттарды қою қажет­тігін көрсетеді. Қазақстан халқы ас­самб­леясының XXV сессиясы – мем­ле­кет үшін елеулі оқиға. Себебі, Мем­­лекет бас­шы­сының біздің қызметімізге қа­тысты тап­сырмаларын қоғамға біз жет­кіземіз.
Князь Мирзоевтың айтуынша, ел ал­дында тұрған мақсат-мұраттар же­терлік, бұл тұста бүкіл халыққа бас бірік­тіріп, аянбай ең­бек ету қажет. Өз кезегінде ассамблея мү­шесі «Ұлт Көш­­басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ал­дымызға нақты тапсырмалар қойып, оны халыққа жеткізуде. Қа­зақ­стан халқы ассамб­лея­сы­ның мүше­леріне, «Барбанг» күрдтер қауымдас­тығына үкімет пен халық ара­сында диалог алаңын құру миссия­сы бұйы­рып тұр. Үлкен даналықпен жүргізіп отырған Мемлекет басшы­сы­ның ішкі және сыртқы саясатын қа­шанда қолдап келеміз» деп ойын түйін­­деді.

Кәмшат ӘЛІМ

Бөлісу:

Пікір жазу


*