Несиені теңгемен беруді ұсынды

1343
0
Бөлісу:

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия даму банкі басқармасының төрағасы Дмитрий Панкинді қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына банктің қызметі, сондай-ақ оның бұдан әрі даму перспективалары мен басымдықтары тура­лы мәлімделді.
Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия даму бан­кінің құрылу мақсатына, оның алдында тұр­ған бүгінгі міндеттерге тоқталып, интег­ра­ция­лық жобаларды қаржыландырудың маңыз­дылығын атап өтті.
– Банктің негізгі құрылтайшылары – Қа­зақстан мен Ресей. Банк Еуразиялық эко­но­ми­калық одақтың мүддесі үшін құрылды. Жұ­мыстың таңдалған бағыты дұрыс. Қа­зақ­стан жағдайында несиені көбіне теңгемен беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын, – де­ді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті Еу­разиялық экономикалық одаққа мүше мем­лекеттер бастамашылық еткен шағын жо­ба­ларға несиені қоса қаржыландыру шар­­тымен беру мәселесін қарастыруды ұсынды.
– Көлік-инфрақұрылым, су және аг­рар­лық бағыттағы ортақ жобаларды қоса қар­жы­ландыруға банктің мүмкіндігі бар. Бұл жо­балар одаққа мүше барлық мемлекеттер үшін жүзеге асырылатын болады. Мұндай жобалар ең алдымен оларды ұсынатын Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысына бай­ланысты болмақ, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Д.Панкин Қазақстан Президентіне жаңа жо­балар жөніндегі шарттардың жасалу ба­рысы туралы, сондай-ақ банктің несиелік қо­рының ахуалы, оның өткен жыл қоры­тындысы бойынша айтарлықтай артқаны жөнінде баяндады.

Бөлісу:

Пікір жазу


*