Президенттің 2017 жылғы бақ саласындағы сыйлықтары, гранттары және алғысы туралы хабарлама

1418
0
Бөлісу:

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысының 2017 жылғы БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттарын, сондай-ақ алғысын алуға үміткерлерден ұсынымдар қабылдау басталғанын хабарлайды.

Сыйлықтар мен гранттар алуға үміт­кер­лерді бұқаралық ақпарат құралдары, шы­ғармашылық одақтар, қоғамдық бірлес­тік­тер, мемлекеттік органдар ұсына алады.
Алғыс жариялауға шығармашылық ұжым­дарды шығармашылық одақтар, қо­ғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар ұсы­на алады.
Әрбір бұқаралық ақпарат құралы, шы­ғармашылық одақ, қоғамдық бірлестік, мемлекеттік орган сыйлықтар мен гранттар алуға екі үміткер ғана ұсынуға құқылы. Грант­тар жасы отыз бестен аспаған жас жур­налистерге беріледі.
Сыйлықтар, гранттар алуға үміткер­лер­дің және алғыс жариялауға шығармашылық ұжымдардың өзін-өзі ұсынуына жол беріл­мейді.
Сыйлықтар немесе гранттар алуға бұ­қара­лық ақпарат құралының, шығар­ма­шы­лық одақтың, қоғамдық бірлестіктің, мем­лекеттік органның ресми бланкісіне жа­­зылған, бірінші басшы немесе оның ор­нындағы адам қол қойған (А4 форматтағы кө­лемі 2 парақтан аспайтын) ұсыным жол­данады. Оған мынадай құжаттар қоса ұсы­нылады:
– сыйлықтар немесе гранттар алуға ұсы­нылған үміткердің аты, әкесінің аты, тегі және шығармашылық бүркеншік есімі (егер болса), сондай-ақ атқаратын лауазымы көр­сетілген негізгі жұмыс орнынан анықта­ма;
– сыйлықтар немесе гранттар алуға ұсы­нылған үміткердің жеке куәлігінің немесе төлқұжатының көшірмесі;
– сыйлықтар немесе гранттар алуға ұсы­нылған үміткердің шығармашылық қыз­меті­нің қысқаша сипаттамасы;
– жарияланымдар мәтіндері немесе аудио және (немесе) бейнематериалдар;
– негізгі жарияланымдарының тізімі және (немесе) олардың көшірмелері.
Алғыс жариялауға шығармашылық одақ­тың, қоғамдық бірлестіктің, мемле­кеттік органның ресми бланкісіне жазылған бірінші басшы немесе оның орнындағы адам қол қойған бұқаралық ақпарат құра­лы­ның қызметі туралы (А4 форматтағы кө­лемі 2 парақтан аспайтын) ұсыным ұсы­нылады;
Конкурсқа мән-маңызы жоғары негізгі жа­рияланымдар немесе аудио және (не­месе) бейнематериалдар ұсынылады.
Қарауға 2016 жылғы 1 маусым мен 2017 жыл­ғы 31 мамыр аралығында жарияланған жә­не (немесе) эфирге шыққан материалдар қабылданады.
Сыйлықтар, гранттар алуға және алғыс жа­риялауға ұсынылған материалдар мен құжаттар қайтарылмайды.
Кітаптар БАҚ саласындағы марапаттар алу­ға ұсынылған материал ретінде қарас­ты­рылмайды. Мерзімді басылымдарда жа­рық көр­ген мақалалар топтамасын ұсынуға бо­ла­ды.
Мемлекет басшысының сыйлықтарын, гранттарын алуға және алғысын жариялауға ұсынымдарды Қоғамдық комиссияның төрайымы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықованың атына 2017 жылғы 1 маусымға дейін мына ме­кенжай бойынша: 010000, Астана, Сол жа­ғалау, Ақорда резиденциясына және/не­месе A.Zatova@akorda.kz электрондық адре­сіне жолдау қажет.
Мемлекеттік органдардың ұсынымдары электрондық құжат айналымының бірың­ғай жүйесі арқылы тек электрондық фор­мат­та ғана қабылданады, бұл қосымшалары электрондық тасымалдағыш (диск) арқылы жолданатын ұсынымдарға қатысты емес.
Байланыс нөмірлері: +7 (7172) 74-41-15, 74-42-65, 74-41-57.

Қазақстан Республикасы
Президентінің баспасөз қызметі

Бөлісу:

Пікір жазу


*