Астаналықтар ҰБТ-ға дайындалуда

995
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы астана қалалық және Есіл аудандық филиалдары аумақтағы мектеп директорларының басын қосып, арнайы кездесу өткізді. Жиынның басты мақсаты  – Елбасы Жолдауында атап көрсетілгендей,  білім саласында жүзеге асыру мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдері және ақпараттармен бөлісу.  

Адами капиталдың дамуы – білім беру және ден­сау­лық сақтау жүйелерін дамыту. Үшінші жаң­ғыру­дағы біздің салаға қатысты басты міндеттер – қазіргі за­манғы білім жүйесін және әлемдік деңгейдегі ден­саулық сақтау жүйесін құру. ХХІ ғасырда қоғам­ның бәсекеге қабілеттілігін ең бірінші анық көрсе­те­тін басты нәрсе – қоғамның білімділігі, – деп атап өтті Айгүл Салмақова.
– Біздің мектепте міндетті түрде екі шет тілі оқы­тылады. Олар – ағылшын және француз тілдері. Ағыл­шын тілін меңгеру үшін аптасына 7 сағат, француз тіліне 2 сағаттан бөлеміз. Былтыр мек­тепте бір эксперимент жүргіздік. Ол кез­де француз тілін ән айту және сурет салу арқылы ен­гізгенбіз. Сабақтардың осындай бірігуі – оқу­шы­лардың француз тіліне қызығушылықтарын туғызды. Сынақ сәтті жүзеге асты. Келесі жылы оны одан әрі толықтырып, жалғастыра түсеміз, – деді №17 мектеп гим­назия директоры, Астана қалалық мәслихатының депутаты Рамзия Өмірбаева.
Кездесу барысында мемлекеттің және аза­мат­тардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін «Үш тілдің бірлігі» атты мәдени жобаның кезең-ке­зең­мен орындалуы ұсынылды. Осыған орай үш тіл­дің дамуы қажет: қазақ тілі мемлекеттік тіл ретін­де, орыс тілі ұлтаралық тіл ретінде және ағылшын тілі жаһандық экономикаға интеграциялаушы тіл ре­тінде.
2014 жылдың қыркүйек айынан бастап үш тілдік жүйе еліміздегі 200 балабақшада қолданылады. Қа­зіргі кезде 117 білім беру мекемелерінде үш тілде оқы­ту енгізілген. Олардың ішінде 20-сы – Назарбаев ин­теллектуалды мектебі, 30-ы – қазақ-түрік лицейі және 33 дарынды балаларға арналған мектептер бар. 2015 жылдың қараша айында үш министрліктердің бұй­рығымен 2015-2020 жылдарға үш тілде білім беру жол картасының дамуы бекітілген болатын.
Жиын барысында осы жылғы түлектер ҰБТ-ның екі кезеңін тапсыруға дайындалып жатқаны сөз бол­ды. Бірінші кезеңде түлектер аттестат алу үшін
емти­хан тапсырады, екінші кезеңде олар оқуға түсетін жо­ғары оқу орындарына тест тапсырады деп атап өтті.
Дархан БАЙТІЛЕС

Бөлісу:

Пікір жазу


*