Экономикалық қылмыс талқыланды

1658
0
Бөлісу:

Атырауда экономикалық қылмыстарға қатысты қылмыстық істерді қарау кезінде туындайтын мәселелер мен «заңдылық» ақпараттық-талдамалық жүйесінің жұмысын талқылауға арналған аймақтық семинар өтті. 

Семинардың мақсаты – бүгіндері елімізде экономикалық қылмыстық істердің күрт көбеюінің салдарын анықтап, сот-тергеу кезінде кемшіліктерге жол бермеу, бірыңғай сот-тергеу практикасын қалыптастыру.
ҚР Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөнін­дегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин төра­ғалық еткен семинарға еліміздің Бас прокуро­ры­ның орынбасары Марат Ахметжанов, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев қатысты. Батыс аймаққа қарасты өлкелердің, облыстық соттардың алқа төрағалары мен судьялары, сондай-ақ прокуратура мен ішкі істер органдары­ның өкілдері, Мемле­кеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің, Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департамент қызметкерлері, адвокатура және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері де семннарға қатысты.
Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин, жуырда Жоғарғы сотта барлық мүдделі мемле­кет­тік орган­дар­дың қатысуымен жұмыс кеңесі өтіп, онда эконо­ми­калық құқықбұзушылық саласын­дағы қылмыс­тық істер бойынша сот-тергеу практикасына қатысты бірыңғай тәсілдердің қалып­тасқанын айтты.
– Біз бүгін аталған ұсынымдар мен осы санаттағы істерді қарау кезінде кезігіп қалуы мүм­кін өзге де мәселелерді талқылауды жоспар­лап отырмыз. Бұл жұмыс барысында кемші­ліктерден арылу мақсатында және бірыңғай сот-тергеу практикасын қалыптастыру үшін жасалып отыр, – деп Абай Рахметулин, кеңеске қатысушыларға қылмыстық істерді тергеу кезінде контрагенттердің жалған кәсіпкерлермен мәмілелерінің жарамды немесе жарамсыз екендігі зерттелмейтінін, нәти­жесінде өз ісін заңға сәйкес жүргізетін кәсіпкер­лердің зардап шегетіндігін айтты.
Аймақтық семинарда экономикалық қыл­мыстар мемлекет үш ін төленбеген салық түріндегі елеулі залал келтіріп отырғаны ай­тылды. Көп жағдайда сотқа дейінгі тергеуді жүргізу кезінде ауқымды деңгейдегі кемшіліктер жиі анықталып отыр. Осы кемшіліктердің салдарынан сот актілерінің күші жойылады.
Бұған қосымша, осы тектес тергеулерді жүргізгенде қылмыстық процестік заңнама­ның жіті сақталуы маңызды. Залалды дәлел­деу мен анықтаудың негізі – тек контрагент­тер мен жал­ған кәсіпорындардың арасында жа­салған мәмі­ле. Осыған орай, кәсіпорын­дар­дың қызмет ету кезеңіндегі салық есепте­месін тексерумен бай­ланысты салықтық әкім­шілік ету мәсе­лелерін, қылмыстық про­цес мәселе­лерімен бір деңгейде қарастырмау керек. Сотқа дейінгі іс жүргізу органдары дәлелде­мелерді сақтау, зерттеу қызметін тек Қылмыс­тық-процестік кодекс шеңберінде жүргізіп, жалған кәсіп­орындармен жасалған мәмілелер­ді ғана тексеруі керек.
– Салық органдары қылмыстық іске араласа отырып, контрагенттердің қызметінің тұтас немесе белгілі бір бөлігін тексеруді бастайды. Қаржылық құжаттарды алып, есеп шоттарға тыйым салады, осылайша жол берілмейтін, шаруашылық субъектілердің – контрагенттердің қызметіне шектеу салынады, бұл заңға қайшы, – деді А.Рахметулин.
Аймақтық семинарда, экономикалық құқық­бұзу­шылықтарды тергеу кезіндегі түйткілді мәсе­лелер бойынша Бас прокурордың орын­басары Марат Ахметжанов пен Қаржы ми­нистрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төра­ғасы Ардақ Теңгебаев сөз сөйледі.
Бірінші сессия шеңберінде экономикалық қыз­мет саласындағы құқықбұзушылықтарға қыл­мыстық жауапкершілік туралы заңнаманы дұрыс қолданылу мәселелері айтылды. Экономи­калық қылмыстарды зерттеудің ағымдағы прак­тикасы, соның ішінде жалған кәсіпкерлік мәсе­лелері талқыланды. Дәл бүгінде осы жалған кәсіпкерлік мәселесі өзекті болып тұр.
Екінші сессия Бас прокуратурамен бірлесіп ұйымдастырылған сот пен прокуратураның «заң­ды­лық» ақпараттық-талдамалық жүйесін таныс­тыруға арналды.
Соттарда жаңа технологияларды қолдану маңыз­­­­дылығын айта келе, А.Рахметулин ақ­парат­тық тех­нологиялар бүгінде істердің сот жүйесінің бар­лық сатыдан жеделдетіп өтуін жеделдететіндігін атап өтті.
Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, бұл жоба сот жүйесі мен құқық қорғау органдарын ортақ коммуни­кациялық желіге біріктіруге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта бұл қандай да бір қағаз түріндегі құжаттық істерді жасақтау кезінен бастап, сот шешімі шыққанға дейінгі процесті толық бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Жобаны Бас прокуратураның 10-депар­таментінің басқарма басшысы А.Аталықов таныстырды. Бұдан әрі Ақтөбе облысы про­ку­­­ро­рының орынбасары Е.Мәбиев «заң­ды­лық» жүйесінің Ақтөбе облысының про­ку­ра­ту­­расын­да қалай қолданылатыны туралы пі­кірімен бөлісті.
Аймақтың семинардың аясында Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқа­сының төрағасы А.Рахметулин батыс аймағы соттарында қылмыстық істер бойынша сот төре­лігін жүзеге асырудың қорытындысын шығарды.
Сайып келгенде, экономикалық қылмыстарға қатысты қылмыстық істерді қарау кезінде туын­дайтын мәселелер мен «заңдылық» ақпараттық-талдамалық жүйесінің жұмысын талқылауға арналған семинардың нәтижесі келешекте өз нәтижесін береді деген сенім бар.

 

Тұрсын ҚАЛИМОВА,
Атырау облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*