Жолдаудың жөні бөлек

1225
0
Бөлісу:

Шымкентте «Нұр Отан» партиясының  фракция мүшелері Ұлт жоспарын іске асыру мәселелерін және Жолдауды түсіндіру мақсатында жиын өткізді. 

Облыстық мәслихаттағы фракция де­пу­таттары қатысқан жиынның мақсаты «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» инс­ти­туттық ре­формасын талқылау және Мем­лекет бас­шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ха­лыққа арна­ған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілетті-лік» Жолдауын түсіндіруге арналды.
Облыстық мәслихат депутаты, фракция же­текшісі Шәріпбек Жамалбек аймақта «100 нақты қадамның» қалай жүзеге асы­рылып жатқанына тоқталды.
– Бүгінге дейін елімізде 59 заң күшіне енді. Ол мемлекеттің, экономиканың және қо­ғамның дамуы үшін жаңа құқықтық орта қа­лыптастырады. Бес институттық рефор­ма Қазақстан экономикасы үшін жаһандық экономика да қиындықтарды бастан ке­ші­ріп отырған қазіргі кезеңде өте қажет. Ре­фор­ма экономикалық өсімнің ырғағын қа­лыпқа келтіруге және дамыған отыз
елдің қа­тарына қосылуды алдына мақсат етіп қой­ған ел тұрғындарының мықты әлеумет­тік кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағыт­тал­ған, – деп атап көрсетті депутат.
Фракция отырысында облыстық мәс­лихат хатшысы Қайрат Балабиев Мемлекет бас­шысының Жолдауындағы негізгі бағыт­тарды атап өтті.
– Жолдауда агроөнеркәсіп кешенін да­мы­туға ерекше көңіл бөлінген. Көптеген ба­­­ғыт бойынша Қазақстан әлемде өнім­дер­ді сыртқы саудаға шығаратын аграрлы өн­діруші болуы мүмкін. Әсіресе, экология­лық таза өнімдер өндіретін Made in Kazakhstan бренді осындай өнімдердің эталоны болуы тиіс. Сонымен бірге, біз астық өнді­руде Елбасы Жолдауда атап көрсеткендей, барлық Еуразия аймағы үшін «нан себеті» болуымыз керек. Әлемдік нарықта бәсекеге төтеп беру үшін бізде барлық мүмкіндік бар, – деді Қайрат Балабиев.
Партияның облыстық филиалы төра­ға­сының бірінші орынбасары Әлімжан Құр­таев Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын қол­дайтындығын білдірді. Әсіресе, «праг­матизм» туралы айтылған ойда жаңғыру қа­лыптасқан дағдылар мен қасаң қағида­лар­дан арылмайынша болмайды. Осы жер­де Елбасы тарихтағы өкінішті жағдайларды – Арал теңізінің тартылуын, жердің құнар­сыз­­данып, экологиялық қасіретке ұшы­ра­ғанын атап көрсетеді. Мұның барлығы таби­ғатқа дұрыс қарауды ойға салады. Соны­мен бірге ХХ ғасырдағы фашизм, ком­му­низм және либерализм идеоло­гия­сының күйреуін де атап өткен. Ендігі он­жылдықтардың ұраны реализм мен праг­матизм болмақ.
– Мақалада көрініс беретін идеялар мен жо­балар – өте өзекті де маңызды. Мемлекет басшысының қазақстандықтарды адам­гер­шілік пен мәдениеттілікке тәрбиелеу – елі­міздің болашақ идеологиясы. Бұл тапсырма бәрімізден, әсіресе, партиялықтар мен депут­таттардан үлкен жауапкершілікті та­лап етеді, – деді ол баяндамасында.
Облыстық мәслихат депутаттары: Қа­сымбай Жаңабеков, Дулат Әбіш, Рәшкүл Ос­панәлиева елімізде жүргізіліп жатқан ре­формаларды қолдап, Мемлекет басшы­сының бағдарламасында ұсынылған бас­тама­лардың сәтті іске асып, әлемнің дамы­ған отыз елінің қатарына енуге мүмкіндік ба­рына сенім білдірді.

Мира ҰЗАҚОВА

Бөлісу:

Пікір жазу


*