Академия жұмысын жоғары бағалады

1281
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады.

Кездесуде Елбасыға Түркі акаде­миясының қызметі және Қазақстан Президентінің тапсырмаларының орындалуы жөнінде есеп берілді.
Д.Қыдырәлі Нұрсұлтан Назарбаев­қа «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» мақаласына қатысты академия жұмысының перспективалары, сон­дай-ақ БҰҰ штаб-пәтерінде өткізілген халықаралық симпозиум мен «Ұлы дала» гуманитарлық форумының нә­ти­желері туралы баяндады.
Д.Қыдырәлінің мәліметі бойын­ша, Халықаралық Түркі академиясы Моң­ғолия аумағында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, оның барысында көне түркі заманының жаңа жәдігерлерi табылған.
Мемлекет басшысы кездесу қоры­тындысы бойынша академия жұмы­сын жоғары бағалап, бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*