Қазақстанға зор сенім артты

1501
0
Бөлісу:

Біздің ел Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) Сауда және қоршаған орта жөніндегі комитетін басқаратын болады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

10 сәуірде ДСҰ-ның Бас кеңсесінің отырысында 2017 жылға ДСҰ басты органдарының төрағаларын тағайындау өтті.
Қазақстанның Швейцариядағы ел­шісі, БҰҰ бөлімі және Женевадағы өзге халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Жанар Айтжанова ДСҰ-ның Сауда және қоршаған орта жөніндегі комитетін басқарады.
Бұл тағайындау ДСҰ-ға мүше-ел­дердің Қазақстанға артып отырған зор сенімін көрсетеді. Биыл 2017 жылдың 11-14 желтоқсаны аралығында Арген­ти­наның Буэнос-Айрес қаласында өтетін ДСҰ-ның XI Министрлік конферен­циясына дайындық аясында ДСҰ-ның жаңа орган төрағаларына Министрлік конференцияның табысты нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында Ұйымдар мүше­лері арасында талқылауды жандандыруға үлкен жауапкершілік артылып отыр.
Ж.Айтжанованы ДСҰ-ның Сауда және қоршаған орта жөніндегі комитеті төрағасы лауазымына дамушы елдердің өңірлік Азия тобы ұсынды. Қазақстан оған 2016 жылдың қараша айында қосылған болатын.
ДСҰ-ның Сауда және қоршаған орта жөніндегі комитеті 1995 жылы құрылды. Ол ДСҰ-ға мүше-елдер үкіметтерінің арасында сауда саясатының қоршаған ортаға және қоршаған ортаның саудаға әсері бойынша диалогқа арналған тұрақты форум.
Әр жылдары комитетті Аргентина, Сингапур, Мажарстан, Словакия, Мы­сыр, Польша, Түркия, Малайзия, Фин­ляндия, Гонконг, Колумбия, Таиланд және Чили елдерінің елшілері басқарды.
Өз тілшімізден

Бөлісу:

Пікір жазу


*