Басты мақсат – инвестиция тарту

1487
0
Бөлісу:

Астанада «Қазақстан қор нарығына халықаралық капиталды тарту» атты халықаралық конференция өтті. Ұйымдастырушылар – «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), BNY Mellon банкі (Нью-Йорк), FTI Consulting және Kinstellar компаниясы.

Конференция инвестиция мен қор нарықтарын дамыту саласын­да­ғы сарап­шылардың басын қосатын диа­лог­тық алаң рөлін атқарды. АХҚО бас­қарушысы Қ.Келімбетов шетел инвес­торларының назарына Қазақстан эко­номикасына инвес­ти­ция тартуға негізделген АХҚО-ның не­гіз­гі страте­гиялық бағыттары: капи­­тал нарығы, активтерді басқару, жеке тұлғалардың әл-ауқатын бас­қа­ру, ислам қаржы­ландыруы және озық қаржылық технологиялар бо­йын­ша кеңірек айтты. Сонымен қатар ол жаңа қор биржасының алаңқайы Astana International Exchange (AIX) биржасы туралы мәлі­меттер ұсын­ды. Қор биржасы осы жыл­дың күзінде іске қосылмақ. Онда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-тың ең тартымды ком­панияларының акция­­лары орна­лас­­­тырылады.
– Қор нарығының дамуына Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ құрамына енетін ұлттық ком­па­­ниялардың, өзге де ком­пания­лар­дың жекеше­лен­діруі бойынша бастамасы өте маңызды. Сондық­тан осы бағыт бо­йын­ша дамуымыз керек, – деді Қ.Келімбетов.
Конференция кезінде екі па­нель­дік сессияның өткі­зілуі көзделіп отыр. Онда қатысушылар мүмкіндік­тер­дің пайда болатын уақыты мен қандай да бір сыннан өтетін кезең­дегі инвести­ция­лық кейстерді қарас­тыр­ды. Бұған қоса, «Сәтті IPO өткізу үшін ха­лықара­лық қаржы ауди­то­рия­ларымен өзара іс-қимыл жасау», «Кор­поративтік бас­қарудың ұтымды тәжіри­белері» атты баян­да­ма­­­ларды тыңдады. Financial Times қаржылық басылымының дамушы нарықтар бо­йын­ша редакторы Джеймс Кинж жеке­шелендіру стра­те­гиясы бойын­ша баяндама жасады.
Конференция кезінде «Бәйте­рек» ұлт­тық басқару холдингі мен Tengri Partners компаниясының ық­пал етуімен «Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары – ұлттық чем­пион­дар» бағдарламасы аясындағы қаты­су­­шылармен кездесу өткізілді.
Қазақстандық жеке компания­лар­дың өкілдері отандық нарықтағы IPO өткізу, әсіресе, АХҚО жаңа бир­жа­­­сы­ның мүмкін­діктері, қазақ­стан­дық ком­паниялардың алғаш рет ак­ция­ларының орналас­ты­­руына қа­­­­тыс­­ты дайындық жұмыстарын жүр­­­гізу туралы ақпараттар алды.
Қазақстандық компаниялардың отандық қор нарығына шығуы ком­па­­­ниялардың өсіміне және инвест­иция­лық тартымдылығына әсер етеді.
Жергілікті қор нарығын құру – АХҚО-ның негізгі страте­гиялық ба­ғыт­тарының бірі. Қазақстан капи­тал нарығын құру елге қосымша ше­тел инвес­тиция­сын тартып, ұлт­тық экономика өсімін тездетеді. Оның үсті­не капитал нарығы банк сала­сына балама бола алады.

Гүлнар ТӘЖИЕВА

Бөлісу:

Пікір жазу


*