Тегін күрес секциясында танымал балуан сабақ берді

1331
0
Бөлісу:

Қазақстан Республикасы күрес федерациясының ұйымдастыруымен оңтүстік шаһардағы «Халык Арена» және «Алматы Арена» спорт сарайында арнайы маманданған еркін күрес секциясы ашылды. Күреске қатысқысы келетін балалардың кіруі тегін.

Күрес секциясына қызығушыларды арнайы бапкерлер жаттықтырады. Сонымен қатар, елімізге белгілі балуандар да мұнда келіп, өздерінің ақыл-кеңестерін айтады. Бұл жолы болашақ жас олимпаиада шеберлеріне қазақтың атақты балуаны Жақсылық Үшкемпіров шеберлік сабағын өткізді.

Мұндағы залдар қазіргі заманғы керекті жаттығу техникаларымен, күрес кілемдерімен және қажетті жабдықтардың барлығымен жабдықталған.

–Күрес секциясын ашудағы мақсат –балаларды спортқа тарту, жастарды күрес өнеріне баулу. Оған кез келген азамат келіп еркін қатыса алады. Кіру ақысы  тегін. Залды жалға алу мен жабдықтармен қамтамысыз етуді және оған кетер шығынды федерация өз мойнына алып отыр. Алматы қаласының әкімшілігі біздің жобаны қолдады. Бұл әлеуметтік жобалардың бірі екенін айта кету керек. Күрес секциясы ашылған күннен бастап, оған қызығушылардың көп екені байқалды. Тіпті жасы ұлғайса да келіп жатқан адамдар бар. Оларға арнап ересектер тобы құрылды. Федерацияның басты мақсаты – күрес түрлерін дамыту және оның жастар арасында кеңінен өрістеуіне жол ашу , –дейді Қазақстан күрес түрлері федерациясының  вице-президенті Ерлан Қожасбай.

Балалар мен жастарға арнап тегін күрес секциясын ашу идеясы Ұлттық олимпиадалық комитеттің президенті Тимур Құлыбаев, Күрес федерациясының президенті Данияр Әбілғазин, Спорттық жекпе- жек және күш қолданылатын спорт түрлері федерациясының төрағасы Данияр Әбілғазин мырзалардың бастамасымен құрылғаны белгілі.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

(Cуретті түсірген автор)

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*