Басылымдар ғасырлар бойы қорғалады

1601
0
Бөлісу:

Кеше Сенатта қолданыстағы мәдениет заңнамасына түзетулер енгізетін заң жобасы қаралды. Бұл жиынға жоғарғы палатаның әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы Бірғаным Әйтімова жетекшілік етті. 

Кеңейтілген отырыс кезінде айтыл­ға­нын­дай, «Кейбір заңнамалық актілерге мә­дениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жо­ба­сына депутаттардың өздері баста­ма­шы бол­ған: ол қалаулыларға алдыңғы бесін­ші сай­ланған Парламенттен көшкен екен. Жо­ба 2 кодекске – Бюджет кодек­сіне және Әкім­шілік құқықбұзушылық кодексіне, сон­дай-ақ 6 заңға, мысалға, қол­даныстағы «Тарихи-мәдени мұра объек­тілерін қорғау және пайдалану тура­лы», «Мәдениет тура­лы» және басқа заң­дарға түзету енгізуді қа­рас­тырады.
Заң жобасымен жұмыс жасау бары­сында театр, музей, архив, кино, кітап­ха­на ісін қам­­титын мәдениет саласын­да­ғы көптеген елеулі мәселелер зерделеніп, өз шешімін тауып­ты. Құжатты Мәжілісте талқылауға қоғам қайраткерлері, мә­де­ниет саласындағы сарапшылар, әдебиет, өнер, мәдениет са­лаларындағы көрнекті тұлғалар, сая­сат­тану­шылар, Парламентке кіре алмаған пар­тиялардың өкілдері де қатысып, өз ұсы­ныстарын берген.
Депутаттардың айтуынша, жаңа заң Қа­зақстан халқының мәдени мұрасына жа­татын баспасөз басылымдарын сақ­тауды және кеңінен танытуды жүзеге асыратын Ұлт­тық мемлекеттік кітап па­латасының мәр­тебесін бекітеді. Осы мақ­сатта «Мәде­ниет туралы» заң толық­тырылады. Бұл ретте бұ­қаралық ақпарат құралдарының редак­циялары осы Кітап палатасына өз басы­лым­дарының тегін
бір данасын ұсынып отыруға міндет­те­леді. Мұның сыртында редакция өз ба­сы­лымының әр санын электронды фор­матта «Орталық» мәртебесі бар кітап­­ха­наға беруге де міндетті болады. Бұл ға­сыр­лар өте келе, болашақ зерттеушілер мен та­рихшылар қазіргі қазақ баспасөзінің қан­дай мәселелерді көтергенін және өзекті деп тапқанын зерттей алуы үшін ке­рек.
Жобада, әсіресе, жазушы-қаламгер­лер­дің үлкен ризашылығын туғызған бір бап бар, яғни кітаптар үшін төленетін қа­ламақы көлемін ұлғайтпақ. Осы мақ­сатта «мәдениет саласындағы уәкілетті органның қоғамдық маңызы бар әде­биетті сатып алу, басып шы­ғару, тарату жө­ніндегі жұмысты респуб­ли­калық дең­гейде ұйымдастыру құзыреті бе­кі­тіледі».
Заң жобасында жергілікті атқарушы ор­гандардың мемлекеттік мәдениет ұйым­­дарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерін салалық құзы­ретті органмен келісу жөніндегі құзы­ретін бекітіп беру көз­деледі. Әйтпесе, жергілікті әкімдіктер мы­салы, мәдениет үй­лерін өз беттерінше жауып тастай ала­тын, енді бұған Мәдениет және спорт ми­нистрлігінің келісімінсіз бара ал­май­ды.
Заң жобасы шығармашылық процесті же­делдету мақсатында мемлекеттік театр­лар мен музейлер үшін мемлекеттік са­тып алулар тетігін оңайлатып береді. Сондай-ақ музейлерге музей қорының құрамына ен­гізілген музей заттары мен коллекциялары туралы алғашқы жария­лау құқығын беруге жол ашпақ.
Сонымен қатар Бюджеттік кодексте жергілікті атқарушы органдардың тек орта білім­нен кейінгі ғана емес, сондай-ақ жо­ғарғы және жоғарғыдан кейінгі білім беру бойынша да техникалық және кәсіптік ма­ман­дарды даярлауға мемле­кеттік білім беру тапсырысын бөлу құқы­ғын бекіту ұсыны­ла­ды.
Сенаторлар Ақан Бижанов, Әли Бек­таев, Төлеубек Мұқашев, Нұрлан Қы­лыш­­баев, Серік Бектұрғанов және Жабал Ер­­ға­лиев өз ескертпелері мен ұсыныс­та­рын айт­ты.
Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым ко­­митеті заң жобасын құптап, палатаның қа­­рауына шығару туралы шешім қабыл­дады.
Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*