Қоғамды шешім қабылдауға тарту жайы қаралды

1428
0
Бөлісу:

Мәжілісте «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындау аясында «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның жүзеге асырылу барысы қаралған дөңгелек үстел өтті. Оның жұмысына Мәжіліс төрағасының орынбасары В.Божко қатысты. Жиында мемлекеттік органдардың ашықтығына, кадрлық әлеуетін арттыру бойынша шаралар қабылдауға қатысты және басқа да көптеген мәселелер қозғалды. Қалаулылар тек мемлекеттік қызмет аясымен шектеліп қалмай, кәсіби әрі жинақы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жайын да талқыға салды.

Алқасөзді ашқан Мәжілістің халықара­лық істер, қорғаныс және қауіпсіздік ко­митетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев мем­лекет көр­сететін қызметтерді ұсыну мен экономикалық және әлеуметтік бағдар­ла­маларды сапалы іске асыру үшін Мемлекет басшысы ұсынған бес институттық рефор­ма­ның «кәсіби мемлекеттік аппаратты қа­лып­тастыру» бағытының маңыз­дылығын атап көрсетті.
– Елбасы жариялаған бес институттық ре­­­­­форманың біріншісі Қазақстанда кәсіби мемлекеттік аппаратты құру мәселелеріне ар­налған. Ел Парламенті бұл бағытты заңна­ма­­лық тұғырмен қамтамасыз етті. Енді осы заң­­наманың қалай жүзеге асы­ры­лып жат­қа­нын бағамдау маңызды. Мем­лекет басшысы қойып отырған барлық мін­деттер мен тап­сыр­малардың лайықты орындалуы мем­ле­кет­тік аппараттың жұмыс тиімділігіне бай­ла­нысты, – деді Мәулен Сағатханұлы.
Ол кәсіби мемлекеттік аппаратты құру ісі оның ашықтығымен тығыз байланысты екеніне назар аудартты:
«Осы орайда айта кетуіміз керек, мем­ле­кеттік органдардың барлығы бірдей ақпарат­қа қолжетімділікті қамтамасыз етіп отырған жоқ. Сондай-ақ мемлекеттік аппарат барлық жерде ойдағыдай жұмыс жасап отыр деу де қиын. Мемлекеттік органдардың қызметі әр­дайым айқын бола бермейді. Нәтижесінде, жұртшылықтың қандай да бір жиын-кеңес­терге, іс-шараларға қатысуы шектеледі. Бір­қатар министрліктер мен ведомстволар өз жұмысы кезінде үкіметтік емес ұйымдардың, қоғам өкілдерінің айтатын ұсыныстарын ескере бермейтін жағдайлар бар» деп ашығын айтты комитет төрағасы.
Ол кәсіби мемлекеттік аппарат қалып­тасып, нығаюы үшін мемлекеттік органдар алдында жұртшылықпен жұмысты белсенді ету, қоғамның мемлекеттік органдардағы ше­шім қабылдауға ықпал ету тетіктерін құру, ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету міндеттері тұрғанын нықтады.
Мұның сыртында дөңгелек үстелде жергілікті және атқарушы органдардың кадрлық әлеуетін көтеру мәселесі де өзекті екені баса айтылды. Парламентшілердің пайымдауынша, мемлекеттік аппаратты одан әрі реформалау да осы айтылған мәселелерге бағдарланғаны жөн.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова Елбасының Ұлт жоспарында айқындалған кәсі­би мемлекеттік аппаратты қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру барысы туралы баяндап берді. Оның айтуынша, жаңа қабылданған «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның арқасында Ұлт жоспарындағы 15 тармақтың 11-і іске асырылды.
Парламентарийлер мемлекеттік қыз­метке кіру және оны өткеру, мемлекеттік ап­п­араттың кәсібилігі мен әдеп кодексі нормаларының орындалу деңгейін арттыру бойынша нақты ұсыныстар енгізді. Талқылау барысында депутаттар мемлекеттік қызмет­шілердің еңбегіне ақы төлеу бойынша тәсіл­дерді өзгертуге, «А» корпусына кіретін лауа­зымдар тізбесін оңтайландыруға, Президент жа­нын­дағы Мемлекеттік қызмет академия­сын одан әрі дамытуға және бірқатар басқа да мәселелерге қатысты сұрақтар қойды.
Еуразия ұлттық университетінің про­фессоры, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің жанындағы қоғамдық кеңес мүшесі Еркін Оңғарбаев, Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов және Бас прокуратураның Кадр жұ­мысы департаменті бастығының орынбасары Гүлнар Шүшікова мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне кіру және олардан өту ке­зіндегі бірқатар проблемаларға және оларды шешу жолдарына көңіл бөлді.
Отырыс қорытындысында комитет тө­рағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекеттік қыз­мет істері және сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігінің «Мемлекеттік қызметі туралы» заңды іске асыру бойынша жүр­гізген жұмысын «нәтижелі» деп атады. Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, Бас про­куратураның, Мемлекеттік қызмет істері агент­тігінің, Ішкі істер, Ұлттық экономика, Қар­жы министрліктерінің өкілдері мен мем­лекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*