Президент телеарнаға сұхбат берді

1608
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының мерейтойына орай мемлекетаралық «МИР» телеарнасына сұхбат берді.

Елбасы телеарнаның Ұжымдық қауіпсіздік шар­ты ұйымының өңірлік қауіпсіздікті қам­тама­сыз етудегі рөлі, ұйымның институционал­дық дамуы және бұл үдерістерге Қазақстанның қосқан үлесі жөніндегі сауалдарына жауап берді.
Сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев өңір­дегі жаңа сын-қатерлер мен қауіптерге қа­тыс­ты өз ойын ортаға салып, оған қарсы Ұжым­дық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында күресудің ұжым­дық шаралары туралы әңгімеледі.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіп­сіздік шарты ұйымы мен НАТО-ның ұқсас­ты­ғы жөнінде пікір білдіріп, бұл ұйымдардың си­паты мен құрылуындағы міндеттерінің айыр­машылықтарына тоқталды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*