Мемлекет басшысы жеделхат жолдады

1355
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Танта және Александрия қалаларында болған террорлық актілерге байланысты Мысыр Араб Республикасының президенті Әбдел Фаттах ас-Сисиге және Стокгольм қаласында болған террорлық актіге байланысты Швеция королі XVI Карл Густавқа көңіл айту жеделхатын жолдады.

Әбдел Фаттах ас-Сисиге жолдан­ған жеделхатта Қазақстан Прези­ден­ті­нің Танта және Александрия қа­ла­ла­рын­дағы копт православ шір­­кеу­ле­ріндегі террорлық акт салдарынан көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзе­ліс­пен қабылдағаны айтылған.
«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан сізге, сондай-ақ қаза болғандардың отбасылары мен жа­қын­дарына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтастығымды білдіремін. Қазақстан Мысырмен бірге елдері­міз­дің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қам­тамасыз ету үшін қазіргі заман қауіп-қатерлеріне қарсы күресте күш-жігер жұ­мылдыруға дайын» делінген жедел­хатта.
XVI Карл Густавқа жіберген же­дел­хатында да Елбасы Стокгольмдегі террорлық акт салдарынан адам­дар­дың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын айт­қан.
Жеделхат мәтінінде «Біз Швеция хал­қы мен үкіметінің халықаралық тер­роризмге қарсы тұру ниетін қол­даймыз. Қаза болғандардың отба­сы­лары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атым-нан көңіл айтамын. Зардап шеккен­дердің тезірек сауығып кетуіне тілек­тестік біл­діремін» делінген.

Бөлісу:

Пікір жазу


*